2016 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті автоөндірушілер мен ресми импорттаушылар утилизациялық алым төлеуге міндеттелді. Ол техниканы бастапқы есепке қойған сәтте төленеді.
Утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі АЕК-пен белгіленеді, бұл оның көлемі жыл сайын өседі деген сөз. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгеге дейін көтерілді.
Алымның базалық мөлшерлемесі 50 АЕК. 2020 жылы ол 132 550 теңгеге тең. Қозғалтқыш көлеміне байланысты үштен (электромобильдер мен қозғалтқыш көлемі бір литрден асқан көліктер үшін) 23-ке дейінгі (көлемі үш литрден асатын көліктер үшін) коэффициент қолданылады.
Мысалы, 2.5 литрлік Toyota Camry-ді елге кіргізгенде төленетін утилизациялық алым мөлшері 1 325 000 теңгені құрайды. Ал қозғалтқыш көлемі 3.5 литрге тең Toyota Sienna үшін 3 048 650 теңге төлеуге тура келеді.
Қазақстанда көліктерге төленетін утилизациялық алым мөлшерлемесі мен төлем коэффициенті:
КҚ-ның түрлері және категориялары Утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі КҚ-на қатысты утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесіне қолданылатын коэффициенттер 2020 жылғы утилизациялық алым сомасы (тг) 1. Өтімділігі аса жоғары G категориясын қоса алғанда, М1 категориясындағы көлік құралдары: жеңіл көліктер Гибридті күштік құрылымды қоспағанда, электрлі қозғалтқышы бар 50 АЕК 3 397 650 Қозғалтқышының жұмыс көлемі: 1 000 см³-ге дейін 50 АЕК 3 397 650 1 001 см³-ден 2 000 ³-ге дейін 50 АЕК 7 927 850 2 001 см³-ден 3 000 см³-ге дейін 50 АЕК 10 1 325 500 3 001 см³-ден жоғары 50 АЕК 23 3 048 650 2. Өтімділігі аса жоғары G категориясын қоса алғанда, N1, N2, N3 категориясындағы көлік құралдары: жүк көліктері Толық массасы: 2.5 тоннаға дейін 50 АЕК 7 927 850 2.5 тоннадан 3.5 тоннаға дейін 50 АЕК 15 1 988 250 3.5 тоннадан 5 тоннаға дейін 50 АЕК 15 1 988 250 5 тоннадан 8 тоннаға дейін 50 АЕК 16 2 120 800 8 тоннадан 12 тоннаға дейін 50 АЕК 19 2 518 450 12 тоннадан 20 тоннаға дейін 50 АЕК 21 2 783 550 20 тоннадан 50 тоннаға дейін, ершікті тартқыштардан бөлек 50 АЕК 41 5 434 550 20 тоннадан 50 тоннаға дейінгі ершікті тартқыштар 50 АЕК 11 1 458 050 3. Өтімділігі аса жоғары G категориясын қоса алғанда, М2, M3 категориясындағы көлік құралдары : автобустар Гибридті күштік құрылымы бар КҚ-ын қоспағанда, электрлі қозғалтқыштары бар 50 АЕК 8 397 650 Қозғалтқышының жұмыс көлемі: 2 500 см³-ге дейін 50 АЕК 8 1 060 400 2 500 см³-ден 5 000 см³-ге дейін 50 АЕК 16 2 120 800 5 000 см³-ден 10 000 см³-ге дейін 50 АЕК 21 2 783 550 10 001 см³-ден жоғары 50 АЕК 27 3 578 850(М1 категориясы — жолаушы тасымалдау үшін қолданылатын және жүргізуші орнынан бөлек орын саны 8-ден аспайтын жеңіл көліктер;
Материалда Kolesa.kz сайтының мәліметі пайдаланылды