- Негізгі бет
- Авто
- Қазақстанда ең көп...
Қазақстанда ең көп сұранысқа ие автокөліктер
"ҚазАвтоӨнеркәсіп" автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәліметі бойынша 2018 жылдың бес айындағы статистика бойынша сатылған көліктердің 47 пайыздан астамы отандық автозауыттарға тиесілі екен.
Жыл басынан бері ресми дилерлер 20 620 автокөлік сатқан. Өткен жылғымен салыстырғанда 40,4 пайызға артық.
Бес ай ішінде 10 901 автокөлік (52,9%) импортқа, ал 9 719-ы (47,1%) еліміздегі автозауыттардың өнімдеріне тиесілі.
Елімізде ең көп сұранысқа ие көлік брендтерінің көшін Lada (4695 көлік) бастап тұр. Сатылған көлік саны бойынша екінші орында Toyota (4 162) болса, үшінші орынға Hyundai (2 638) көліктері көтерілген. Сонымен қатар бұл бестікке Ravon (1 675) мен GAZ (1079) брендтері де енді.
Жеңіл көліктер арасында Toyota Camry (1556 көлік) автокөлігіне сұраныс жоғары. Жол талғамайтын көліктер рейтингінде Lada 4x4 (1275) алда тұр.
Бестік ішінде көлік сатып алу жағынан алдыңғы орындарға Алматы (5 339 көлік сатылды), Астана (3 494), Атырау (1 546), Қостанай (1 487), Шымкент (1 298), Қарағанды (1 242) қалалары шықты.
Н. Үсенова