Қазақстанда 13 ақпаннан бастап көлік жүргізушілері өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi және көлікті тіркеу құжатын алып жүруге міндетті емес.
Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 612 бабы 1 тармағына сәйкес жүргізуші көлікті құжатсыз басқарған жағдайда оған ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұдан бөлек, жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін болмаса, оның ішінде ол дұрыс емес төлқұжат деректерін айтса немесе мүлдем хабарламаған жағдайда полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, көлік құралын айып тұрағына жеткізеді.
Полицейлер Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 785 бабына сәйкес жүргізушілердің жеке басын анықтай алмаған жағдайда оларды үш сағаттан аз уақыт ұстауға құқылы.
Заң бойынша жеке басты куәландыратын 12 құжат бар. Жүргізуші осы құжаттардың бірін көрсетуге құқылы. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңының 2 бабында жеке басты куәландыратын құжаттардың тізімі көрсетілген. Оған мына құжаттар жатады:
1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3. шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4. азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
6. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
7. босқын куәлігі;
8. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;
9. шетел төлқұжаты;
10. қайтып оралуға арналған куәлік;
11. туу туралы куәлік;
12. жол жүру құжаты.