- Негізгі бет
- Авто
- Жасанды аралы бар...
Жасанды аралы бар таңғажайып яхта
Австрияның Migaloo жеке компаниясы ұсынып отырған бұл яхтаның ерекшелігі – мұнай өндіруші құрылғы үлгісіндегі, арал тектес үлкен бір әлем. Яхтада демалуға арналған жасанды арал орналасқан. Теңіз деңгейінен 80 метр биіктікке дейін орналасқан демалыс орнында пентхаустар, әйнекпен қапталған джакузилер, жоғары және төмен тасымалдаушы лифттер орналасқан. Тіпті тікұшақ қонуға арналған жері де бар. Себебі бұл яхтаға қайықпен немесе тікұшақпен ғана жете аласыз. Жасанды аралдың ені - 117 метр, ұзындығы - 78 метр.
Migaloo Kokoma-Island – қолдан жасалған жасанды яхта-арал. Ол тропикалық арал ретінде жасалып, сырт пішіні көз тартатын деңгейде құрастырылған. Яхта-аралдың ең кереметі - ол жылжымалы. Теңіз бетімен көшіп жүруге арналған.
Суреттен көріп тұрғандарыңыздай, тікұшақ қону алаңы да керемет орналасқан.
Суретте жүзіп келе жатқан Migaloo Kokoma-Island яхтасы
Жақыннан алған кездегі көрінісі
Migaloo Kokoma-Island яхтасының ішкі көрінісі
М. Ақан