Келесі жылдан бастап Жапонияның Ханэда әуежайына келушілерді жүргізушісіз автобустар тасымалдайтын болады.
Бұл бастама - күншығыс елінде жұмыс күшінің аздығынан туған. Әуежайда ұшақтан терминалға дейінгі аралықта жүргізушісіз автобустар жүреді. Өткен аптада Жапонияның ANA ұлттық тасымалдаушы және өзге алты компаниялар өзара бірлесіп автобустарды 10 күндік сынақтан өткізуді бастады. Күні кеше көлік толықтай автономды жүріп, сынақтан өтті.
ANA компаниясы жүргізушісіз автобустар 2020 жылы өтетін олимпиада ойындарының қарсаңында дайын болатынына сенімді. Автобусқа 10 адам тасымалдайды. Жылдамдығын сағатына 30 шақырымға дейін көбейте алады.