Жапониядағы ғалымдар тобы негізінен пласмассадан тұратын электрокар жасап шығарды. Бұл машина жапон инновациялық технологиясы бағдарламасы аясында әзірленді. Көліктің ұзындығы 4 метр, 90 пайызы арнайы жасақталған синтетикалық материалдан жасалған. Осының салдарынан оның салмағы 40 пайызға азайып, қуат жұмсауы 2 есеге кемиді.Сонымен бірге жаңа модельді жаппай қолдану табиғатқа оң әсерін тигізеді. Себебі Жер шары мен ондағы жан-жануарлар пластик қоқыстардан қатты зардап шегуде. Оның алдын-алу шаралары көрілгенмен де Тынық мұхиттағы қоқыстың көлемі бүгінде Аустралия құрлығымен бірдей болып отыр.