- Негізгі бет
- Авто
- Жапон ғалымдары пласмассадан...
Жапон ғалымдары пласмассадан электрокар жасап шығарды
Фото:
newsyou.info
Жапониядағы ғалымдар тобы негізінен пласмассадан тұратын электрокар жасап шығарды.
Бұл машина жапон инновациялық технологиясы бағдарламасы аясында әзірленді. Көліктің ұзындығы 4 метр, 90 пайызы арнайы жасақталған синтетикалық материалдан жасалған.
Осының салдарынан оның салмағы 40 пайызға азайып, қуат жұмсауы 2 есеге кемиді. Сонымен бірге жаңа модельді жаппай қолдану табиғатқа оң әсерін тигізеді. Себебі Жер шары мен ондағы жан-жануарлар пластик қоқыстардан қатты зардап шегуде. Оның алдын-алу шаралары көрілгенмен де Тынық мұхиттағы қоқыстың көлемі бүгінде Аустралия құрлығымен бірдей болып отыр.
Т. Раушанұлы