Жанармайыңыз азайса не істеуге болады?

Жанармайыңыз азайса не істеуге болады?
Фото: venividivici.by

Көлік жүргізіп жүрген жандар ғана жанармай таусылар шақта қандай әсерде болатынын жақсы біледі. Сол уақытта жай ғана осы бір кішкене жағдайға үшінші жақтан қарап отырсаңыз, жүргізушінің судан шыққан балықтай тыпыршып, бірдеңенің жетпей жатқандығын сөзбен де, қимылмен де жеткізеді. Егер, жақын маңда жанармай бекеті болмаса, жағдай тым мүшкіл болады. Бүгін дәл осындай сәтсіздіктен қалай шығу керектігін сіздерге баяндайтын боламыз.

Көлігіңізді асықпай орнынан қозғалтып, жылдамдықты арттыратын педальді бірқалыпты ұстап отырғаныңыз дұрыс. Көлігіңіз қатты жүргенде немесе тез қимылдағанда жанармайдың көп бөлігі кететінін естен шығармаңыз. Егер, алдыңыздан бағдаршам шығып тоқтауға мәжбүр болсаңыз, ең төменгі баяу жүрісті ұстап, жасыл жанғанға дейін тоқтамай жетуді көздеңіз. Мұндай уақытта сіз крейсер жылдамдығын ұстап өткеніңіз абзал. Бұл дегеніміз ең төменгі қозғалтқышпен 2000 айналымға дейін ғана жылдамдық педалін басып отыру керек. 

Егер сіздің көлігіңіз механикалық қозғалтқыш арқылы жүретін болса, жолыңыздың болғанына қуана беріңіз. Өйткені жанармай бекетіне жетуге мүмкіндігіңіз басымырақ. Егер бейтарап (нейтралка) қозғалтқышпен жүрсеңіз, сіздің форсункаңыздың бензин құртатынын ұмытпаңыз. Оған қарағанда асықпай, баяу жүріспен жүріп өткеніңіз өзіңізге жақсы. 

Сіздің жанармайыңыз таусылар шақта жайлылық іздеп қажеті жоқ. Сондықтан, көліктегі кондиционер, желдеткіш, тіпті терезені жауып, жарықты сөндіріп қойғаныңыз дұрыс. Қозғалтқышқа көп күш салмауға тырысыңыз. Егер бағалы көлік болса, жанармай таусылғаннан кейін қандай жағдай болатынын айту қиын. Кейбір көліктер тек бензанасосты ғана ауыстырумен шектеледі. 

B. ZHAQSYMBET