Илон Маск электромобильдер нарығында төңкеріс жасап қана қоймай, миллиардтаған долларлық активтерімен басқаларға бәсеке тудырды. Tesla-ның бұрынғы ондаған қызметкері қазіргі уақытта Маскке бәсекелес болып жатыр. Масктың тағы бірнеше бұрынғы қызметкері электромобильдер мен аккумуляторлар шығаратын өз стартаптарын ашты. Олардың мақсаты – айналымы 6 триллионнан асатын әлемдік автомобиль өнеркәсібін өзгерту. Tesla-ны Tesla еткен, Илон Масктың танылуына септігін тигізген осы ұжым болатын. Назарыңызға осы ұжым қызметкерлерінің тізімін ұсынамыз.
"Тесла мұны жалғыз жасай алмайды", - дейді Питер Роллинсон. Бұрын ол Tesla Model S-нің бас инженері болған, енді өзінің Lucid электронды ұялы телефонын шығаруды жоспарлап отыр.
"Бұл жақсы қоғамдастық. Бұрынғы әріптестерімнің әр түрлі салада қаншалықты табысты және ықпалды болғанын көргенім үшін қуаныштымын", - дейді жүргізушісіз Aurora-ның негізін қалаушы Стерлинг Андерсон. Андерсон Тесладан 2016 жылы кеткен.
Равлинсон, Андерсон және Tesla-ның бұрынғы үш қызметкері Илон Маскпен автомобиль өнеркәсібін электрлендіру және автоматтандыру бойынша бәсекелесуге (және көмектесуге) дайын. Олардың компаниясының жалпы нарықтық құны шамамен 30 миллиард долларға бағаланады. Құны 780 миллиард долларлық Tesla-мен салыстырғанда олардың компанияларының қаржысы мұхиттағы тамшы ғана. Бірақ бұл тек бастамасы.
Стерлинг Андерсон
Aurora Innovation-ның тең құрылтайшысы және өндіріс директоры
Массачусетс технологиялық институтында (MIT) оқыған ғалым Стерлинг Андерсон Теслаға 2013 жылы келді. Ол Model X кроссоверінде жұмыс істеді және автопилот бағдарламасын басқарды.
Андерсон 2016 жылы Тесладан Aurora Innovation жүргізушісіз автомобильдерде жұмыс істеуге кетеді. Оның тобына Google-дің жүргізушісіз автомобильдерді дамыту бөлімінің бұрынғы басшысы Крис Урмсон және Карнеги Меллон университетінің жасанды интеллект зерттеушісі Дрю Бэгнелл қосылады. Аврораға инвесторлардан 1 миллиард доллар түскесін компания 2020 жылы желтоқсан айында жүргізушісіз Uber-ді сатып алады. Бұл осы салада көшбасшы болу мүмкіндігін арттырады. Қазіргі уақытта компания Uber, Paccar және Toyota-мен техникалық серіктестік байланыс орнатқан. Кремний алқабындағы осы стартаптың нарықтық құны Uber-мен келісім жасалғаннан бері 10 миллиард долларға өсті.
Джин Бердичевский
Sila Nanotechnologies компаниясының тең құрылтайшысы және бас директоры
Бердичевский Теслаға 2004 жылы келді. Ол алдымен автомобиль аккумуляторы – Roadster-де жұмыс істейтін бас инженер болып тағайындалды. Автомобиль жасау барысында Бердичевский литий-ионды аккумуляторларға қызығушылық танытты. Олар әлдеқайда арзан және тиімді болатын.
"Roadster жетістікке жеткесін мен де Теслада қалып әрі қарай Model S-де жұмыс істеу немесе өзімнің жеке компаниямды құру сияқты таңдау болды", - дейді ол.
Бердичевский 2008 жылы Тесладан кетіп, 2011 жылы Sila Nano жобасын құрды. Содан бері оның компаниясы аккумуляторлардағы қымбат шикізат – графитті алмастыратын кремний анодын әзірлеп келеді. Компания мәлімдемесінде бұл материал Tesla және басқа электронды ұялы байланыс өндірушілері пайдаланатын батареялардың тиімділігін кем дегенде 20 пайызға, кейінірек 50 пайызға арттыра алатыны туралы мәлімдеді.
Стартап 930 миллион доллар инвестиция тарта алды. Қаңтар айында 590 миллион капитал жиналды. Сол кезде Сила Нано 3,3 миллиард долларға бағаланып, 2024 жылы пайдалануға берілетін ең ірі зауыт үшін қаржы алды.
"Біз ұзақ жолды жүріп өттік, бірақ жалпы маған бұл жұмыс өте ұнайды", - дейді кәсіпкер.
Хенрик Фишер
Fisker Inc. құрылтайшысы және бас директоры
Кезінде белгілі дизайнер Джеймс Бондтың BMW көлігін жасаған және Aston Martin дизайнында жұмыс істеген. Кейіннен Tesla-да Model S жобасының кеңесшісі болған. Бірақ Илон Маскке оның дизайны ұнамаған. Ал 2008 жылы Илон тыңшылық үшін Фишерді сотқа берді. Фишер оның айыптауларын мойдамады, ал Маск өзінің талаптарын сотта дәлелдей алмады.
Оның Tesla-мен бәсекелесудегі алғашқы әрекеті Fisker Automotive стартапымен болды. Ол Karma маркалы электро-бензинді гибридті қозғалтқышты шығарғысы келді. Алайда жобасы бірқатар мәселелерге байланысты сәтсіздікке ұшырады. Басты себеп – аккумулятор батареялары жанып кетті, құрастыру кезінде ақау болды. Тіпті бірнеше автокөлік 2012 жылғы дауылда жоғалып кетті. Осыдан соң 2014 жылы Фишер жобаны аяқтады.
Бірақ Хенрик көлік нарығына Fisker Inc.компаниясымен қайтып келді. Fisker компаниясы Tesla Model Y-нің 37 500 доллардан басталатын тікелей бәсекелесі – Ocean электр жол талғамайтын темір тұлпарды сатуды жоспарлап отыр.
2020 жылы Fisker Inc. бір жылдан кейін сауданы бастауға ниетті екенін мәлімдеді. Компанияның нарықтық капиталы 4 миллиард долларды құрайды, ал инвесторлар тағы 1 миллиард доллар қаржы салады деген сыбыс бар.
Питер Роулинсон
Lucid Motors компаниясының құрылтайшысы және бас директоры
Көптеген жылдар Ягуар мен Лотоста болғаннан кейін, Равлинсон 2009 жылы Теслаға келді. Мас пен Питер жұбы электрокар өнеркәсібінде сәтті қадамдар тастады.
"Біз екеуміз де технология мен инженерия с аласында бәрінен асып түскіміз келді, және кемелдікке шек жоқ еді", - дейді Роллинсон.
Ол Tesla Model S электр седанының бас инженері болған. Tesla Model S 2012 жылы сатыла бастады және электромобильдер нарығында жаңа белестерді бағындырды.
Сол жылы Роулинсон науқас анасының жанында болуы үшін компаниядан кетті. Ол Маск пен Model X жобасынан бірнеше рет көңілі қалғанын айтқан. Роулинсон қазіргі уақытта Калифорния штаты Ньюарк қаласында Lucid Motors электромобиль стартапын басқарады.
Lucid Motors Сауд Арабиясынан 1,3 миллиард доллар инвестиция алды және осы көктемде Air седандарының сатылымын бастайды. Аталмыш көлік толық қуатпен 800 мильден (1287,48 км) астам жол жүре алады. Бірақ бағасы арзан емес.
"Мен Tesla-ға бәсекелес емеспін. Мен Mercedes-Benz-пен бәсекелес боламын", - дейді Роулинсон.
Джей Би Штробель
Redwood Materials компаниясының құрылтайшысы және бас директоры
Штробель Маск сияқты Тесла коипаниясының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол алғашқы күндерден бастап компанияның техникалық директоры болып жұмыс істеді. Ал 2019 жылы Тесладан кетті. Ол өз электромобильдерін шығаруды және атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуды армандайды.
Енді Джейдің Redwood Materials стартапы қоқысқа тасталып, табиғатты ластамауы үшін лесий, кобальт және никель металдарын Тесла мен басқа да автомобиль өндірушілердің автомобиль аккумуляторларынан қайта өңдейді. 2020 жылдың қыркүйегінде Невада штатындағы Карсон Ситиде орналасқан компания инвесторлардан 40 миллион доллар алып, Panasonic және Amazon компанияларымен қайта өңдеу жобалары бойынша жұмыс істей бастағанын мәлімдеді.
"Климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін біз өнімдеріміздің қоршаған ортаға әсерін азайтуымыз керек", - деді Штробель қаражат жинау кезінде.
Штробельдің жеке байлығы қазір 1 миллиард долларға бағаланған.