- Негізгі бет
- Авто
- Газ әлде бензин?...
Газ әлде бензин?
Мұнай бағасының өсуіне байланысты еліміздегі бензин бағасы күрт көтеріліп кеткені белгілі. Жергілікті жерлердегі, қала мен аудандардағы жанар жағарамай бекеттерінде бензин тапшылығы да орын алды. Көлікпен қатынайтын жандар мен жүргізушілер үшін бұл үлкен мәселе. Ал газ пайдаланатын көлік жүргізушілерінің ұйқысы тыныш. Неге?
Газбен жүретін көліктердің бензинге қарағанда шығын жағынан пайдасы екі есеге аз.
Газбен жүретін көліктердің қозғаушы күші бір қалыпты жұмыс істейді.
Қозғалтқыш майына келген кезде газдың үш бірдей пайдасы тиеді:
– Майдың шығыны азаяды;
– Үнемі ауыстырудан құтыласыз, тек анда-санда ғана ауыстырып отырасыз;
– Майды айналдырушы қозғалтқыш цилиндрі ұзақ уақыт жұмыс істейді. Яғни жөндеу жұмыстарына да көп шығындалмайсыз;
Газдың құрамында бензинде кездесетін түрлі химиялық қоспалар болмағаннан кейін, оның ұзаққа жетуі шүбәсіз әрі бұл жөндеу жұмыстарына кететін шығынды екі есе ақтайды.
Газдардың диффузиясы. Газдың ауамен араласып кетуі өте оңай екенін білесіз. Қозғалтқыштардың цилиндрлерін біркелкі толтырады. Сондықтан көліктің қозғалтқышы тегіс және сапалы жұмыс істейді.
Газ қоспасында бензинге қарағанда толығымен жанып кететін көміртектер бар. Сондықтан көліктің қақпақшасы (клапан), сүмбісі (прошень) және ұшқындатқыштары жақсы жұмыс жасайды.
Газ бенизнге қарағанда тез жанып кетпейді. Көпке дейін сақталады.
Шығынды есептеп көрейік:
АИ-92 – 151 тг.
Газ – 65 тг.
151-65 = 86 тг. Сіз 1 л бензин құртатын ақшаға екі еселеп газ толтыра аласыз. Оның өзінде қолыңызда 21 теңге қалдық қалады.
Орта есеппен көлігіңіз 100 километрге 10 л бензин шығындайды десек, бұл 151*10 = 1510 тг.
Ал газ болса, 100 километрге 12 л шығындайды. 65*12= 780 тг.
1510-780 = 730 тг. Сіздің қалтаңызда тағы 100 км жолдың шығыны қалды.
Газ өнімінің де өзіне тән бір кемшілігі бар. Бұл басты сұрақтың жауабы – оны қосу. Әрбір 10 мың километрден кейін сізге көлікті көрсетуге тура келеді. Себебі газ ол кезде тығыздылығын жоғалтады. Ал бұл көліктің тоқтап қалуына алып келеді.
Құрметті жүргізуші, сіздің таңдауыңыз: газ әлде бензин?
М. Ақан