Финляндия халқы осы мақсат үшін 12 тонна ескі киім-кешек жинап та қойыпты.
Енді бұл жүк Голландияға жөнелтіліп, сол жерде көліктерге қажетті изоляциялық материал, көліктегі еденге жаятын төсеніш және орындыққа арналған қаптама болып, қайта өңделеді.
Сонымен қатар, қайта өңделген бұл өнімдер бүкіл Еуроодақ аймағындағы құрылыс саласы мен тұрмыс техникасы өндірісінің қажеттілігі үшін де пайдаланылатын болады. Жалпы бұл шара таяуда қолға алынған «Тоқыма өнімдері 2.0» пилоттық жобасының аясында өткізіліп отыр.
Дереккөз: 24.kz