- Негізгі бет
- Авто
- Финдер ескі киім-кешекті...
Финдер ескі киім-кешекті көлік өндірісінің қажеттілігіне жаратпақ
Фото:
readweb.org
Финляндия халқы осы мақсат үшін 12 тонна ескі киім-кешек жинап та қойыпты.
Енді бұл жүк Голландияға жөнелтіліп, сол жерде көліктерге қажетті изоляциялық материал, көліктегі еденге жаятын төсеніш және орындыққа арналған қаптама болып, қайта өңделеді.
Сонымен қатар, қайта өңделген бұл өнімдер бүкіл Еуроодақ аймағындағы құрылыс саласы мен тұрмыс техникасы өндірісінің қажеттілігі үшін де пайдаланылатын болады. Жалпы бұл шара таяуда қолға алынған «Тоқыма өнімдері 2.0» пилоттық жобасының аясында өткізіліп отыр.
Дереккөз: 24.kz
Е. Жұмабайұлы