- Негізгі бет
- Авто
- "Еуропаның үздік автокөлігі"...
"Еуропаның үздік автокөлігі" атануға үміткер маркалар анықталды
"Еуропаның үздік автокөлігі" конкурсының әділқазылары жыл үздігі атануға үміткер жеті финалистердің тізімін атады. Ал жеңімпаз наурыз айында Женева автосалонында өтетін салтанатты шарада белгілі болды.
Әділқазылар алқасына 23 елдің 60 көлік сарапшысы енген. Олар жаңадан шыққан 35 көліктің ішінен үздік жетеуін анықтады. Олар: BMW 1-Series, Ford Puma, Peugeot 208 және Renault Clio, Toyota Corolla, Porsche Taycan және Tesla Model 3.
Үміткерлер тізіміне төрт BMW (1-Series, Z4, X6, X7), төрт Toyota (Camry, Corolla, RAV4, GS Supra), төрт "Мерседес" (CLA, GLB, EQC, GLS), үш Renault (Captur, Clio, Zoe), екі Porsche (Taycan, 911), екі Mazda (Mazda3, CX-30), екі Skoda (Kamiq, Scala), екі Volkswagen (Golf, T-Cross) және Audi e-tron, DS 3 Crossback, Ferrari F8 Tributo, Ford Puma, Kia e-Soul, Nissan Juke, Opel Corsa, Peugeot 208, Range Rover Evoque, SsangYong Korando, Subaru Forester, Tesla Model 3 көліктері енген еді.
Өткен жылы Jaguar I-Pace кроссовері "Еуропаның үздік автокөлігі" атанды.
"Еуропаның үздік автокөлігіне" үміткерлер:
BMW 1-Series
Ford Puma
Peugeot 208
Renault Clio
Toyota Corolla
Porsche Taycan
Tesla Model 3