- Негізгі бет
- Авто
- Еуропада электр көліктердің...
Еуропада электр көліктердің сатылымы артты
Еуропада тарихында биыл бірінші рет электр тоғымен жүретін көліктердің сатылымы дизельді көліктерден асып түсті.
JATO Dynamic аналитикалық компаниясының деректерінше, биыл көлік сатылымы былтырмен салыстырғанда 29 пайыз азайған. Алайда баламалы энергия көзімен жүретін көліктердің сатылымы жоғарылаған.
Жиналған деректерге сүйенсек, Еуропаның 27 мемлекетінде биыл 1,3 млн дана көлік сатылған. Оның 47 пайызы – бензин қозғалтышы орналасқан көліктер, былтыр оның үлесі – 59 пайыз болған. Биыл бензинмен жүретін көліктер аз сатылған. Ал 25 пайызы – дизельді көліктер болса (былтыр 29 пайыз болған), қалған 28 пайызы – электр көліктер.
Былтырмен салыстырғанда электр тоғымен жүретін көліктердің сатылымы 139 пайыз артқан, яғни, 327 мың көлік сатылған. Бұл – жалпы көлік саудасының 11 пайызы.
Еуропадаға бензин көліктерге деген сұраныс азаюда.
Қ. Слямбек