Жол жүру ережесін әрбір жүргізуші білуге міндетті. Ол көлік қатынасының тәртібін реттейді әрі қауіпті жағдайлардың алдын алады. Бірақ жүргізуші де ескеруі тиіс нәрселер бар. Өйткені көп жағдайда өздерінің қателігі кесірінен жол сақшысына ұсталып жатады. Мұндай жағдайға ұрынбайын десеңіз, біз айтқан кеңестерге көз жүгіртіңіз. Әйтпесе жүргізуші куәлігіңізден айрылып қана қоймай, айыппұл төлейсіз.
1. Инспектор сіңірген еңбегі үшін алған марапатына ешқашан көз салмаңыз.
2. Көлігіңізде болыңыз. Сізден талап етпейінше немесе өтініш жасамайынша түспеңіз.
3. Жол бойында тұрған МАИ қызметкерлерінің көлігіне назар аудармаңыз. Жай ғана мойын бұрыңыз, бірақ ол қайда, қалай тұр деген сұрақты басыңыздан шығарып тастаңыз.
4. Оқыс жағдай болмаса, көліктің есігін іштен кілттемеңіз.
5. Есіктің барлық терезесін ашып қойыңыз. Бұл инспектордың не айтқанын таспаға анық түсіруге жақсы.
6. Жеке куәлігіңізді алған инспектордың сізден алыстап кетпеуін қадағалаңыз. Жанында болыңыз.
7. Барлық құжатты бірден бермеңіз. Тек сізден талап еткенін ғана беріңіз.
8. Көлігіңіздің жүк салғышын ашуды сұраса, «сіз менен ашуды «талап» етіп тұрсыз ба әлде «өтініп» тұрсыз ба» деп қайта сұрақ қоюды ұмытпаңыз. Екі сөздің айырмасы жер мен көктей.
9. Инспектордың артық сұрақтарына жауап беруге міндетті емессіз.