Дрифт – 1996 жылы АҚШ-та пайда болған автоспорт түрі. 18 жылдың ішінде 18 мың ғаламға танылып, әлемдік аренадан өзіндік орынын белгілеп үлгерген бұл спорт түрінен әлемдік дәрежедегі жарыстар жиі ұйымдастырылады. Дрифт жарыстары көбінесе арнайы алаңдар мен жабық жолдарда өтеді. Ал дамыған әлем елдерінде жер астынан жол салып, арнайы дрифт-клубтар ашылған.
Осы спорт түрін жанындай жақсы көретін автокөлік жүргізушілерін – «жүрек жұтқан жігіттер» деп атасақ, артық айтқандық болмас. Себебі, дрифт үлкен ержүректілік пен шеберлікті талап етеді. Жалпы, бұл спорт түріне арналып, көптеген кинолар түсірілгені бәрімізге белгілі. Сонымен қатар, балаларға арналған компьютерлік ойындар да аз емес.
«Қуырдақтың көкесін, түйе сойғанда көресің» демекші, бұл спорт түрінен жақында ғана Гиннес рекордтар кітабына тіркелген жаңа рекорд, үлкен танымалдылық әкелді. Тиісінше, қызығушылардың да саны бірнеше есеге арта түсті.
Рекордқа толығырақ тоқталар болсақ, қытайлық шебер жүргізуші арақашықтығы 8 см-ді құрайтын екі автокөліктің ортасына екі есікті мини-купермен еркін тұрақтай алды. Жиналған дүйім жұрт пен сарапшы мамандар бұл жүргізушінің шеберлігіне еріксіз таңдай қақты. Себебі қытайлық жүргізуші орташа жылдамдықпен келіп, тұрақтағаннан кейін, көліктің алдыңғы және артқы жағынан дәлме-дәл (4-4 см) орын қалдырған. Қалған қызықты төмендегі бейнебаяннан тамашалай аласыздар.
Сурет: m-astana.kz
Оқи отырыңыз:
1. Тұраққа көлік қоюдың шебері
2. Mercedes-Benz жүргізушісіз басқарылатын көлік шығарады
3. Енді көлікті сағатпен де басқаруға болады
4. Әлемдегі ең жылдам мотоцикл жайында не білесіз?
5. Бір күнде жер астына кеткен сегіз көлік...