- Негізгі бет
- Авто
- Британияда ауа тазалайтын...
Британияда ауа тазалайтын автобус пайда болды
Британиялық Go-Ahead транспорттық компаниясы ауа тазалаушы фильтрмен жабдықталған автобустың сынақ нұсқасын іске қосты.
Pall Aerospace компаниясы жасаған ауа фильтрациясы құрылғысы ұшақтар мен кемелер принципі бойынша жұмыс істейді. Автобус төбесіне орнатылған елек ластанған ауаны сорып, орнына тазаланған ауа шығарады.
Go-Ahead компаниясының атқарушы директоры Дэвид Браунның айтуынша, автобустар тек жол кептелісінің шешімі ғана емес, сондай-ақ, ауа ластануы сынды жаһандық экологиялық мәселенің шешімі де бола алады.
Автобус 10 метр биіктікке дейінгі ауаны қамтиды. Егер, әлем бойынша әр автобус осылай жабдықталса, бір адамзаттық мәселе өз шешімін табар еді. Әзірге сынақ автобус Ұлыбританияның ең ластанған қаласы Саутгемптонда ғана жұмыс істейді.
А. Оралқызы