Биыл Қазақстанда қанша көлік құрастырылды?

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда шығарылған көліктердің нақты санын мәлім етті. Жылдың алдыңғы 4 айында қазақстандық автозауыттан 12 870 автокөлік шығарылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 42,2 пайызға жоғары.

Барлық көлікті құрастыруға кеткен қаржы – 83,9 миллиард теңге. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жеңіл автокөлік өндіру 37,9 пайызға артқан. Тек сәуір айында 3 368 автокөлік сатылып, рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді.

Есепті уақытта ең көп сатылған көлік маркалары:

1) Lada – 4664
2) Hyundai – 3405
3) KIA – 1240
4) Skoda – 290
5) Chevrolet – 233
6) JAC – 160
7) UAZ – 116
8) Ravon – 68
9) Peugeot – 15