Бесік арбаның (коляска) жаңа үлгісі

Бесік арбаның (коляска) жаңа үлгісі
Фото: adme.ru

Шкода автокөлігін шығарушы компания сәбилер үшін жаңадан бесік арба жасады. Көптеген жұртты таңғалдырған мұндай ерекше дүние алғашында жарнама үшін құрастырылған. "vRS Mega Man-Pram" деп аталатын балалар көлігі Skoda Octavia RS автокөлігін таныстыру үшін жасалған. Алайда, компанияның жүргізген сауалнамасында жұрттың 76 пайызы осы колясканы сатып алғысы келетінін көрсеткен. 

Спорттық үлгіде жасалған жеңіл арба өзгелеріне қарағанда едәуір үлкен. Оның биіктігі 2 метрге дейін жетеді. Мұндай бақытқа ие болған бүлдіршіндердің темір тұлпарларында 20 дюймді дөгелек, үлкен коэфицентті тежегіш пен алыс-жақын қашықтықты көрсететін жарық шамдары бар. Өте мамық жабдықталған бесік арбалар бүгінгі таңда шетелде зор сұранысқа ие.

B. ZHAQSYMBET