Өкінішке қарай, жаз аяқталуға жақын. Жуық арада біз әдеттегі өмір ырғағына - көлік кептелісіне, жұмысқа, мектепке және басқа да күнделікті күйбең тіршілікке ораламыз. Егер мұның бәрінде сенімді автокөліктің атқаратын ролі туралы айтатын болсақ, қауіпсіздік туралы егжей-тегжейлі түсіндірген жөн. Атап айтқанда, балаларға арналған кресло машинада қажет пе және оларды қалай дұрыс пайдалану керек?
Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, көлік жүргізушісіне 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салынады. Балаларды көлікке отырғызу үшін көлік құралы жобасында қарастырылған қауіпсіздік белдіктерін пайдалана отырып, баланы ұстап тұратын құрылғылар немесе басқа құралдар болуы керек. Балаларды ұстап тұратын құрылғы болмаса, механикамен басқарылатын көлік құралының алдыңғы орнына отырғызуға болмайды. Өкінішке қарай, қазақстандық автокөлік жүргізушілері бұл заң талаптарын әрдайым сақтай бермейді, сондықтан жарақат алу жағдайы әлі де жоғары деңгейде тұр. Осы жерде назарларыңызды көршілес Ресейдің үлгісіне аударғым келеді, олар соңғы жылдары жол-көлік оқиғалары салдарынан балалар өлімін азайту бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұған белсенді түсіндіру жұмыстары, мамандандырылған әлеуметтік, оның ішінде перинаталдық орталықтардағы бағдарламалар және жоғары айыппұлдар себеп.
Бірақ балаларды тасымалдау үшін арнайы жасалған орындықты пайдаланудың қиындығы қандай? Шын мәнінде, ешқандай қиындығы жоқ - салонға креслоны орнату үшін басында бес минут, ал егер машина ISOFIX жүйесімен жабдықталған болса, келесі жолы 30 секундтан кетеді. Бұл әлемде бар жалғыз стандарт емес, бірақ дүние жүзіне тараған, себебі оны орнату жүйесі өте қарапайым. Креслода арқа мен кәдімгі орындықтың негізі арасындағы екі тесікшеге дәл келетін екі сырғытпасы бар. Бұл орындық пен көлік құралының корпусы арасын мықтап ұстауды қамтамасыз етеді, ал бұл балалар креслосының берік бекітілуіне мүмкіндік береді және апат кезінде ауыр жарақат алу қаупін кемітеді. Өкінішке қарай, бүгінде шығарылатын барлық машина балалар креслосына арналған арнайы қондыру жүйелерімен жабдықталмаған, бірақ барлық жолаушының, ересектердің де, кішкентай балалардың да қауіпсіздігін бірінші орынға қоятын өндірушілер бар. Мысалы, барлық дерлік Chevrolet көлігі ең қарапайым жинақтама деңгейлерінен бастап ISOFIX жүйелерімен жабдықталған. Бұдан әрі Chevrolet Tracker кроссоверінің мүмкіндіктері туралы айтып береміз және неге бұл машинаны жинақы кроссовер ғана емес, сонымен қатар, толыққанды отбасылық автомобиль деп атауға болатынын түсіндіреміз.
Креслолар туралы айтып өтейік. Балаларға арналған орындықты таңдаудағы негізгі ереже - баланың жасына сәйкес келуі. Мысалы, бір жасқа дейінгі балаларды басын қарсы бағытқа қаратып жатқызу керек. Артынша орындықтар стандартты түрде таңдалады және баланың салмағы мен өлшеміне ғана байланысты болады. Ақшаны үнемдеу үшін "трансформер" орындықтарды қарастырған жөн, оны бала өскен сайын, 12 жасқа дейін өзгертіп отыруға болады. (ҚР ЖҚЕ-ге сәйкес 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы орындықтарда тасымалдау керек).
ISOFIX жүйелері қазіргі заманғы Chevrolet көліктерінде кеңінен қолданылады. Қалада қолданылатын танымал Chevrolet Tracker кроссоверінде балалар креслоларын бекіту жүйелері орнатылған ең тиімді және сенімді жабдық бар. Заманауи автокөлік ашық ауада және қалада демалуды ұнататындар арасында ғана кең қолданыста емес, сонымен қатар жас ата-аналар да Chevrolet Tracker-дің бірқатар артықшылығын атап өтеді. Автокөлік күнделікті шаруаларды атқару кезінде, мейлі ол балаларды күнделікті мектептер мен балабақшаларға жеткізу немесе бүкіл отбасымен демалыс күндері саяхатқа бару болсын, кез келген жағдайда сенімді серіктес болады.
Chevrolet Tracker максимал өнімділігі 140 ат күші бар 1,8 литрлік ішкі жану қозғалтқышымен жұмыс істейді. Бұл сізге жылдам жолдарда да, тауға көтерілгенде де сенімді болуға мүмкіндік береді.
Инженерлер қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударған - Chevrolet Tracker тұрақтылықты бақылау жүйесімен (ESP), сондай-ақ отбасылық көлік үшін маңызды болып саналатын 6 қауіпсіздік жастығымен жабдықталған. Қауіпсіздік жастықтары жүргізушіні де, алдыңғы орындықтағы жолаушыны да, артқы жақта отырған жолаушыларды да қорғайды, сонымен қатар, жаннан келген соққыларды жеңілдетеді.
Кроссовер 3,5 дюймдік дисплейді, қозғалтқышты қашықтан іске қосылу функцияларын, кілтсіз оталдыру және алты арналы динамикті жүйені қамтитын ең жоғары деңгейдегі Premier пакетіндегі конвейерден шығады.
Отбасылық және туристік кластағы автомобильдерге тән тағы бір маңызды қасиет - бұл үлкен жүксалғыш. Артқы орындықтары бар кезде көлемі - 356 литр, орындықтар жатқызылған кезде - 1370 (!) литр. Әдетте артқы орындықтарда отырып қиналатын бойшаң адамдар да бұл көлік отыруға жайлы екенін айтып жатады.
Қорытындылайық. Алда қалалық трафиктің жаңа маусымы күтіп тұр. Біреу кептелісте тұрады, ал біреуі балаларын мектептерге, балабақшаларға, спорт үйірмелеріне апарады, ал бәзбіреулер еңбек демалысына шығып, достарымен Қазақстанда саяхаттайды. Жоспарыңыз қандай болмасын, ең бастысы - жолдағы қауіпсіздікті ұмытпаңыз. Балаларға арналған орындықты үнемдеу, қауіпсіздік жүйесінің дұрыс қолданылмауы немесе болмауы және сапасыз техникалық қызмет көрсету қаржылық және денсаулық тұрғысында көп зиян әкелуі мүмкін.
P. S. Егер бойыңызда шытырман оқиғалардың рухы әлі де болса, жолсыз жерлерді және қаладағы сенімді динамиканы жақсы көрсеңіз, онда Chevrolet Tracker өзінің ең қолайлы жиынтығы Қазақстан Республикасында 7 790 000 теңге тұрады.
Серіктес материалы