- Негізгі бет
- Авто
- Автокөлікке ескі нөмірді...
Автокөлікке ескі нөмірді қалай алуға болады?
Жаңа автокөлік сатып алдыңыз. Оған ескі көлігіңіздегі мемлекеттік нөмірді салғыңыз келеді. Бұл қалай жүзеге асады?
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан тіркелген автокөлікке бұрынғы көліктің нөмірін қайта салғанда төленетін баж салығы алынып тасталды. Бірақ бұл процеске 30 жұмыс күні керек. Осы уақыт аралығында ескі көліктегі нөміріңіз, өтінішіңіз бойынша сақталады. Яғни 30 күн өтіп кетсе де, ешкім иемденіп ала алмайды.
Сондай-ақ, көлік нөмерін басқа ешкім қолдана алмайтындай өз иелігіңізге сақтап қойсаңыз болады. Бірақ ол үшін 6 734 теңге (2,8 айлық есептік көрсеткіш) төлейсіз. Сөйтіп кез келген уақытта ол нөмерді басқа автокөлігіңізге қоя аласыз. Бұл ережелер жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлерге ғана қатысты қолданылады. Ескі үлгідегі нөмірлер қайта жасалынбайды.
Нөмірді қайта қалпына келтіру кезінде, егер көлік нөмірінің бір белгісі болсын жоғалса, 3 367 теңге (1,4 АЕК) төленеді. 2017 жылы бұл сома 6 734 теңге (2,8 айлық есептік көрсеткіш) болатын.
Дереккөз: baribar.kz
А. Жапатова