- Негізгі бет
- Авто
- Audi алғашқы сериялы...
Audi алғашқы сериялы электромобильдерін ұсынды
Audi өзінің алғашқы сериялы электромобилі – E-tron туралы мәліметтерді жариялады. Көлік нарыққа 2018 жылдың соңында шығады. Бағасы 75 мың доллардан басталады.
Audi E-tron қуаты 350 ат күшіне ие екі қозғалтқыш және 95 кВт/сағат сиымдылығына ие аккумулятормен жабдықталған. Автомобиль толық қуатпен 400 шақырым жол жүреді. Электрокардың ең жоғары жылдамдығы сағатына 200 шақырым. Жүргізушілерге 7 басқару режимі ұсынылған.
E-tron маркалы көліктің ерекшелігі басқару кезінде пайдаланылатын айналар жоқ. Оның орнына камералар орнатылған. Сіз енді айнаға қарамай-ақ салондағы экраннан жолды бақылай аласыз. Бүгінде мұндай видеоайналар тек Жапонияда ғана заңдастырылған.
E-tron-ның ең арзан версиясы 74 800 доллар тұрады. Prestige версиясы 82 мың доллар болып, онда үлкен дисплей мен массаж орындықтар бар. Электрокардың First Edition версиясы 86700 доллар. Ол 21 дюймді дөңгелектер және түнгі көру режимімен жабдықталған.
Т. Раушанұлы