- Негізгі бет
- Авто
- Алматыда автобустар арнайы...
Алматыда автобустар арнайы жолақтармен ғана жүретін болады
Алматыда автобустар мен "Жедел жәрдем" көліктері және өзге де арнайы техникалар 2017 жылдан бастап тек өздеріне арналған арнайы жолақпен жүретін болады. Бұл жайында "Алматы" телеарнасы хабарлап отыр. Қазақстанның даму банкі "Энергиялық тиімді Қазақстан" акциясы аясында аталған бағытқа несие бөлмек.
Сонымен қатар, қалада велосипедтерге арналған жаңа жолдар да пайда болады. Бұл жұмыстар өз кезегінде "Тұрақты транспорт" жобасын жетілдіруге көмегін тигізбек. Жоба авторларының айтуынша, қаладағы қоғамдық автобустар кешкі қарбалас уақытта сағатына 13,8 шақырым жылдамдықпен жүретін көрінеді. Ал, арнайы жолақтардың арқасында Алматыдағы кептелістер азайып, жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады. Оның үстіне, ауаны ластау көрсеткіші де төмендемек.
Дереккөз: baq.kz
Сурет: busphoto.ru