Лондонмаңында автопилотпен басқарылатын жолаушылар пойызы өз жұмысын бастады. Пойыз Питерборо мен Хоршем бағытында қатынайды. Ал,автопилот Сент-Панкрас пен Блекфрайерс станциялар аралығында іске қосылады. АҚШ-та жүргізушісіз Uber автокөлігімен болған апаттан кейін, машинист пойызда қалдырылу шешімі қабылданды. Машинист компьютер жүйесінің жұмыс істеуін, жолаушылар түскенде, мінгенде пойыз есігінің дұрыс жабылуын бақылайды. Қандайда бір ақау болатындай күмәнді жағдайлар туындаса, машинист басқаруды жедел өз қолына алады. Лондон орталығынан Thameslink компаниясына қарасты 24 пойыз қатынайды. Апатты жағдайлардың болмауын алдын алу мақсатында жүргізушісіз пойыздар қандайда бір жағдайларда алдындағы нысанға 100 метр қалғанда жедел тоқтайтындай етіп бағдарламаланған. Class 700 Siemens пойыздары бір-бірінен 100 метр қашықтықта, сағатына 45 километр жылдамдықпен жүріп отырады. Әр құрамда 12 вагон болып, 1700 жолаушыны бір мезетте алып жүре алады. Бұл жолаушылар тасымалдаудағы мәселелерді біршама жеңілдетуге септігін тигізіп отыр. Айта кетейік, бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 5 жыл уақыт және 10 миллиард доллар жұмсалған. Жүргізушісіз пойыздар 18 ай сынақтан өткізілген. Алдағы уақытта жүргізушісіз пойыздар елдің басқа да аймақтарында іске түсірілу жоспарланып отыр.