АҚШ-тың ең бай адамдарының бірі, модельер және бизнесмен Ральф Лореннің гаражынан табылған антиквариат Bugatti 57SC Atlantic рекордтық суммаға – 40 миллион долларға бағаланды.
Бұл модельдегі машиналар 1934-40 жылдар аралығында санаулы данамен жасап шығарылған. Bugatti компаниясы бұл түрдегі машиналардың 710 данасын жасап шығарғанымен, 57 SC индексті модель тек арнайы тапсырыспен жасалған. Машинадағы «С» индексі қозғалқыштың 210 ат күшін көтере алатын компрессорды білдіреді.
Көлік қаңқасы магний-алюминийден жасалған. Бүгінде осындай машинадан бар-жоғы 2 данасы қалған (екіншісі Mullina мұражайының экспонатына айналып үлгерді). Ал үшіншісі АҚШ-тағы темір жол апаты кезінде жоғалып кеткен.
Айта кетейік, қазір ең қымбат автомобиль Lamborghini компаниясының Veneno Roadster суперкары. Аталған көліктің бағасы 4,5 млн доллар.