Әлемдегі ең жылдам 5 автокөлік

Әлемдегі ең жылдам 5 автокөлік
Фото: http://look3.ru/

Бұрынғы заманда жігіттің астындағы атына қарап таныса, қазіргі уақытта оның көлігіне қарайды. Әрине, мұндай бағаланатын көліктер қатарына күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген темір тұлпарлар кәдеге аса қоймас. Кейбір жан өзінің ескі темір тұлпарларына ерекше ықылас туғызып, одан заманауи "car" жасайды. Ал, бүгінгі таңда ел назары ең қымбат, ең жылдам және ең ыңғайлы көліктерге түсіп, оларға баға беріп, оны мініп жүрген жандардың рахатқа бөленіп жүргенін сөз етеді.

Көлік айдап жүрген жүргізушілер де сырт көзден мұндай әрекет болатынын сезіп, ыңғайы келсе жылдамдығын арттырып, әртүрлі қимылдар жасап, өзінің ерекше көлікте отыратынын білдіреді. Мұндай көліктерді көруге, оның қалай жасалғанына бүкіл әлемнің жігіттері бірден назар аударады. Әлемдегі ең жылдам автокөліктер тізімімен таныс болыңыздар.

Бұл тізімде "Koenigsegg CCX" автокөлігі бесінші орынға ойысты. Оның максималды жылдамдығы 394 км/сағ V8 қозғалтқышымен жабдықталған көлікті көрген кезде бас шайқамау мүмкін емес. 806 аттың күші бар көлік 100 км/сағ 3,2 секундта жетеді екен.

Төртінші орын  "Saleen S7 TT" көлігінде. Ол 750 аттың күшіне ие темір тұлпар, максималды жылдамдығын 399 км/сағ жеткізген екен.  Аталған көлік 100 км/сағ 3,2 секундта жетіп барады. 


Үшінші орынды "Bugatti Veyron EB 16.4" иемденген. Максималды 408 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын темір тұлпардың бүгінгі күндегі құны 2,7 миллион доллар құрайды. Формула-1 автокөліктерінің жылдамдығымен бірдей жүретін көлікке кімнің болса да берер бағыс жоғары.

Екінші орын  "Bugatti Veyron Super Sport" автокөлігінде. 2014 жылы ең жылдам автокөлік саналған темір тұлпардың максималды жылдамдығы 431 км/сағ. Екінші және үшінші орынды қанжығасына байлаған "Bugatti" компаниясының мамандарынан әлі де талай ең жылдам автокөлік шығарады деп күтіледі.  

Назарларыңызда әлемнің ең жылдам супер автокөлігі. "Hennessey Venom GT" деп аталатын темір тұлпар 435 км/сағ максималды жылдамдықпен қозғалады. Теңдесіз рекордсмен, алдына жан салмай келеді. Бірақ жылдамдықты арттыруға құштар жандар мұның да алдын орап өтер көліктерді құрстырып жатқанына сеніміміз мол.

Көлігіңіздің жылдам жүргені жақсы, әрине. Бірақ жол бойында бұл тұлпар тағдырыңызды шешуі мүмкін. Сондықтан сапалы көлік алсаңыз, салмақты айдағаныңыз дұрыс болар.

B. ZHAQSYMBET