Wuling Hong Guang Mini EV электромобилі 2020 жылдың екінші жартысында Қытайда ең көп сатылған автомобиль атанды.
Ең арзан электромобиль туралы білесіз бе?
Ең бастысы – баға
Жеңіл электромобильдердің болашағы туралы болжам айтудың қажеті жоқ. Бұл көлік түрі артықшылығымен және объективті кемшіліктерімен өте тез дамып келеді. Автокөлік өндірушілердің барлығы әлемді жаңа және арзан модельдермен бағындыруды армандайды.
2020 жылдың шілдесінде танымал Wuling Hong Guang Mini EV электромобилі сатылымға шықты, нарықты тез жаулап алды. Компания өзінің 112 мың дана электрокарын сатып, өткен жылдың екінші жартысында Қытайда ең көп сатылған электромобиль болды.
Жыл соңында SAIC-GM-Wuling Hongguang көлігі Tesla Model 3-тен кейін ең көп сатылған электромобильге айналды. Компания иелері 2021 жылы автомобильдерді сатуды рекорд көрсеткішіне жетуді жоспарлап отыр.
Ең арзан электромобильдің қысқаша сипаттамасы:
– Электр темір тұлпарының бағасы – 4-5 мың доллар аралығында;
– Максималды жылдамдық сағатына 100 шақырым;
– 2 есігі бар, кабинаға 4 адам сыяды;
– Көліктің ұзындығы 3 метр, ені 1,5 метр.
Бұл қарапайым электокар қаладағы кептелісте ыңғайлы. Онда заманауи технологиялар жоқ және қарапайым розетка арқылы қуатталады.
Қалалық электромобильдің жаңа моделі
Wuling Hong Guang Mini EV-тің Қытайдағы керемет сатылымы талдаушылардың назарын аударды.
"Клиенттер оның арзан бағасы мен дизайнын жоғары бағалайды. Ол жақсы сатылды, әсіресе Хэнань және Шандун провинцияларында сұранысқа ие. Бұл провинцияларда лицензиясыз басқаруға болатын, бірақ автомобиль жолдарымен жүре алмайтын көліктер танымал", - дейді LMC Automotive зерттеу компаниясының өкілі Алан Канг.
Қарапайым тілмен айтқанда, Guang Mini EV моделін кәдімгі жеңіл автомобильден айырмашылығы ақылды немесе жинақылығында. Иә, әрине, салонда ерекше жайлылық жоқ, заманауи техникалық жүйелер көп емес, бірақ арзан баға бұл электромобильді өте танымал етті.
Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Guang Mini EV-ті Қытай мен АҚШ-тың бірлескен жобасы ретінде бағалайды және сапасы жақсы дейді.
Электрокар әлемдік нарыққа шыға ма?
Бұл әлі нақты емес. Әрине, Вулинг халықаралық нарыққа шыққысы келеді. 2020 жылдың тамызында Еуропада электокардың бірнеше нұсқасын сату туралы келісімге қол қойылды. Бірақ, автомобильдің бағасы Еуропалық Одақтың қатаң экологиялық талаптарына байланысты екі есе қымбат болуы мүмкін.
Дәл осындай француздың электрокары Citroen Ami-ді жүргізуші куәлігі болмаса да басқаруға болады, ал машина сағатына 45 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Citroen Ami ресми түрде 4 дөңгелекті велосипед ретінде сипатталады. Бұл ЕО мен Ұлыбританиядағы 16 жастағы балалар бұл көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқара алады дегенді білдіреді.