Көлік өнеркәсібіндегі неміс компаниясы Фольксваген алдағы 5 жылда Солтүстік Америкадағы сатылым деңгейін көтеру мақсатында $7 миллиард инвестиция құймақшы. Компания 2016 жылдан ең үлкен нарықтық аймақтарының бірі АҚШ-та көлік құралдарының жаңа қызметін бастайды.
Бұл бағыт АҚШ-қа 2018 жылға қарай сарапталған люкс класындағы бренді болып табылатын Фольксваген мен Аудидің миллиондаған нұсқасының сатылымына негіздейді. Фольксваген сол жылға қарай әлемдегі көлік өндірушілердің алыбына айналуды көздеп отыр. Ал бүгінгі күнде ол Жапонияның Toyota-сы мен АҚШ-тың General Motors компанияларынан кейінгі үшінші орынды иемденеді.
«Біз команда ретінде алдағы 5 жылда $7 миллиард инвестицияны Солтүстік Америкаға құятын боламыз», - дейді Фольксваген басшысы Мартин Винтеркорн.
ТІК БАҒЫТ
Фольксвагеннің инвестициялық сатылы бағыты АҚШ-тың жеңіл автокөліктері нарықтық аймағының бүкіл әлемдік қаржы дағдарысынан кейінгі жылдары әлсіреген сәтте жоспарланған болатын. Сарапшылардың пайымдауынша, 2014 жылы 2007 жылдағы жаппай сатылымға қарағанда әлдеқайда көп болып, 15.6 миллион данаға жетеді деп күтілуде. Өткен аптада Фольксваген өзінің люкс класындағы брендтері Ауди, Порше және Бентли 2013 жылдағы сатылымының рекордтық деңгейге жеткенін хабарлады. Американдық нарықтағы тасымалды жоғарылату сол кездегі компания сатылымының негізгі факторы болды. Үдеріс кезінде Аудидің АҚШ-тағы сатылымы 13.5%-ға өсті. Тура бір жыл бұрын Порше межесі 21%-ға өссе, Бентли тасымалы 28%-ға жоғарылады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.washingtontimes.com