Көліктің броньдалған түрі тек ұрыс даласында қолданылмайды. Бейбіт күннің өзінде өміріне қауіп төніп тұрған адамдар бар. Дәл олар үшін арнайы машиналар (кейбір жағдайларда барлық тапсырыс берушілер үшін) әзірленеді. Олардың беріктігі қаншалықты дәрежеде екені оның құнына байланысты. Бүгін біз ең үздік броньдалған көліктер туралы ақпарат береміз.
Packard Twin-Six лимузині – алғашқы броньды көліктердің бірі. Ол 1921 жылы Қытай Құрлық және Әскери-теңіз күштері генералиссимусы, президент Чжан Цзолиньнің тапсырысымен әзірленген. Көлікті сол кездегі Нью-Йорктегі Brooks-Ostruk фирмасы жасаған.
Mercedes-Benz 540 K Special Roadster – "Көк қаз" атағына ие машина рейхмаршал Герман Герингтің тапсырысы бойынша жасалған. Брондалған шанағы мен терезесінен оқ өтпейді. Көлік 1945 жылы мамырда АҚШ армиясы иелігіне өтті. Қазір Америка Құрама Штаттарында.
Mercedes-Benz S-Class Guard – W116 шанағы зауытта брондалған алғашқы көліктердің бірі. 350 SE шассиінде құрастырылған, бұл көліктердің тек 100-ге жуығы ғана әзірленген. Ауа салқындату жүйесі өте жақсы жұмыс істейді, себебі оның терезелері ашылмайды.
Mercedes-Maybach Pullman S600 Guard – VR9 классификациясы бойынша қорғалған және әйнегі 7,62 калибрлі автоматтан атылған оққа, сондай-ақ 15 кг тротилге тең жарылысқа және 2 метр қашықтық жарылған бомбаға төтеп бере алады. Көлік 1,4 миллион еуро тұрады.
BMW 760 Li Security – BMW жасаған ең бронды көлік. BMW 760 Li Security F03 шанағына ие. Қорғаныс класы VR7 болып табылады, ол төмен қысымда 50 км-ге дейін жүруге мүмкіндік беретін Michelin PAX шиналарымен жабдықталған.
Audi A8 Security – неміс автоөндірушілерінің әйгілі триосының бірі жасаған автокөлік. Бұл Audi брендінің ең жақсы брондалған моделі. Қорғау VR9 және ERV 2010 стандарттарына сәйкес келеді. Бұл модельге W12 (500 а.к.) немесе 4.0 TFSI (435 а.к.) қозғалтқыштарымен тапсырыс беруге болады.
Range Rover Sentinel – зауытта брондалған көліктің тағы бір түрі. Машинаның шанағы екі DM51 гранатасына және 7,62 мм калибрлі оққа төтеп бере алады. Қорғаныс класы – VR8. Sentinel шамамен 400 000 еуро тұрады.
INKAS Mercedes-AMG G63. INKAS сериялы автомобильдер негізіндегі арнайы автомобильдерді шығаруда үлкен тәжірибеге ие. Сондай-ақ кассирлерге, полицияға және басқа да қызметтерге арналған броньды машиналарды құрастырады. Компанияның тамаша жобаларының бірі – Mercedes-AMG G63 негізіндегі лимузин. Ол екі DM51 гранатасына және 7,62 мм оққа оңай төтеп бере алады.
Dartz Prombron – бұл эксклюзивті жол талғамайтын көлік. Бұл машинада GM-ге жататын қуатты (8,1 литрлік бензин немесе 6,6 литрлік турбодизель) қозғалтқыш бар, қалыңдығы 10 см терезелері V7 қорғаныс классификациясына ие.
ZiS-115 – бұрынғы Кеңес Одағында жасалған алғашқы брондалған көлік. Оны дөңгелектерге орнатылған қақпақтар мен бампердің ортасындағы шам арқылы анықтауға болады. Иосиф Сталин де осындай көлікпен жүрген.
ZiL-41052 – кеңес еліндегі ең соңғы броньды көліктердің бірі. Оның 13 данасы ғана шығарылған. Ұзындығы 6 метр болатын 5,5 тонналық лимузин 315 ат күші бар V8 қозғалтқышымен жабдықталған. Шанағының қалыңдығы 4 см пластиналардан тұрады. Арнайы "Гранит" шиналарымен және үш жылдамдықты автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.
Cadillac "The Beast" – АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясында көрсетілуі керек еді. Алайда GM ең мықты қорғалған көлік ретінде оның "тұсаукесерін" кешіктірді. Бұған себеп ретінде қосымша сынақтардың жүргізілгені айтылады. Cadillac "The Beast" қорғанысы туралы нақты деректер жоқ. Дегенмен, оның салмағы шамамен 8 тонна, турбодизельді қозғалтқышы сағатына 100 км жылдамдыққа жетеді. Көлік GM жүк көлігінің шассиінде шығарылған.