Жапонның Toyota компаниясы алғаш рет bZ4X деп аталатын электромобильін таныстырды.
Тoyota тоқыма станогынан үздік автобрендке қалай айналды?
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, электромобиль TNGA-e модульді платформасының негізінде жасалған.
Toyota bZ4X екі нұсқада шығарылады. Негізгі нұсқада 204 ат күші бар электр қозғалтқышы болады. Екінші нұсқада әрқайсысының қуаты 109 ат күші бар екі электр қозғалтқышы орнатылады.
Батареялардың сыйымдылығы 71,4 кВт/сағ, бұл толық қуатпен 460-500 км-ге дейін жүруге мүмкіндік береді.
Toyota bZ4X Еуропа нарығына 2022 жылы шығады.