Top Gear бағдарламасынан қуылған Джереми Кларксон көліктер туралы жаңа шоу түсірмек

Top Gear бағдарламасынан қуылған атышулы шоумен оңайлықпен берілетін емес. Ол енді темір тұлпарлар жайлы жаңа шоу түсірмек. Бұл туралы Кларксон таяуда ғана The Sunday Times басылымының өзі жүргізетін мақала бағанасында мәлімдеді, деп жазады Қазақпарат 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол жерде Топ Гирді бауыр басып, әбден үйренісіп кеткен жүргізуші былай деп ағынан жарылыпты: «Top Gear бағдарламасына 12 жылдан астам уақыт бойғы өмірімді тәрк еттім. Мен оны тұла бойымнан шыққан баламдай жақсы көріп, жүргіздім. Енді қазір ол баламнан айрылып қалдым, бірақ оның орнына тағы біреуін тудырып, өз қолыммен түсіріп шығармақпын».

Әзірге шоудың нақты қандай болып, қай телеарнадан көрерменге жол тартары белгісіз. Бірақ беймаза Кларксон оны дайындауға қазірден қамданып жатса керек.

сурет: publika.md