Terrafugia – АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Вобурн қаласында орналасқан қытайлық корпорация, ол Transition деп аталатын қашықтан басқарылатын ұшақ пен TF-X деп аталатын ұшатын көлік жасайды.
10 жылдық тәжірибеден кейін АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) Terrafugia Transition компаниясына арнайы Light-Sport Aircraft сертификатын берді. Мұндай ұшатын машинаны басқару үшін сізге жүргізуші куәлігі мен спорттық ұшқыштың куәлігі қажет.
Әмбебап көліктің Transition деп аталатын алғашқы сатылымы 2015 жылға жоспарланған еді, кейін 2019 жылға ауыстырылды. Қазір сертификат алынды және алғашқы екі орындық гибридтік модельдер 2022 жылы сатыла бастайды.
Көлікпен ұшуға, қанатын жиып, қала көшелерімен жүруге де болады.
Ұшатын машинаның негізгі көрсеткіштері:
– Екі адамдық модельдің салмағы 590 кг шамасында;
– әуедегі ең жоғары жылдамдық сағатына 160 шақырым;
– әуедегі ең ұзақ ұшу қашықтығы 787 шақырым;
– көкке көтерілудің ең биік нүктесі 3000 метр;
– жиналмалы қанатының ені – 8,2 метр;
– ұшақ режимінен автомобиль режиміне өту жылдамдығы – 1 минуттан аз;
– құны 40 000 доллардан басталады;
Rotax 912iS Sport қозғалтқышы авиациялық жанармаймен немесе бензинмен жұмыс істейді. Автомобиль режимінде гибридті электр қозғалтқышы іске қосылады.
Terrafugia ұшатын автомобиль 80 күндік ұшу сынағынан сәтті өткен. Модельдің барлық аспектілерін тексеру үшін FAA-ға 150-ден астам техникалық құжаттар ұсынылды және ұшуға арнайы Light-Sport Aircraft сертификаты алынды.
Terrafugia автомобилінің иесі әуеде ұшып келе жатып шағын әуежайға немесе жолдың өзіне қонып, қанатын жайып, әрі қарай жолын электрокар ретінде жалғастыра алады.