NASA ғарыш агенттігі жапондық авто өндіруші Nissan компаниясымен біріге жүргізушісіз басқарылатын көлік шығарады.
Агенттіктің ресми сайтындағы ақпаратқа орай, NASA мен Nissan аталған технология бойынша 5 жылдық серіктестікке қол қойған. Нақтырақ айтсақ, жапондық компания Жерде өзін-өзі басқаратын көліктің әмбебап үлгісін жасаумен айналысатын болса, АҚШ-тың ғарыш агенттігі аталған технологияны Ай мен Марсты зерттеуге ұшырылатын автономды аппараттарда қолданатын болады.
Сондай-ақ, екі жақты келісімнің маңызы технологияның нәтижесінде атмосфераға шығатын әр түрлі қалдықтың барынша аз болуын қамтамасыз ету, яғни экологиялық таза көліктерді құрастыру.
Естеріңізге сала кетсек, Nissan компаниясының бұл салада айтарлықтай тәжірибесі бар. Сондай-ақ, компанияның бас директоры Карлос Гонның айтуынша, NASA агенттігінің де технологияны дамытуда көп мүмкіндіктері бар.
Өз кезегінде NASA мамандары ғарыштық мақсатта қолданылатын аппараттардың нәтижелі болуы үшін біршама уақыт пен тәжірибе қажет боларын айтады.
Сурет: www.designboom.com
Оқи отырыңыз:
Сингапурда жүргізушісіз қозғалатын таксилер пайда болады
Mercedes-Benz жүргізушісіз басқарылатын көлік шығарады
Жеке көліктің болуы: пайдасы мен зияны
Тойота сутекті автомобиль шығарады
2025 жылы дыбыстан да жылдам пойыздар іске қосылады