Jaguar Land Rover басшылығы алдағы онжылдықта компания өндірісін өзгертіп, тек электромобильдер шығаруды қолға алмақ. Ал жанармаймен жүретін автокөліктерді алдағы 5-6 жылда шығаруды азайтады. Компания электромобильдер дәуірін Jaguar XJ көлігімен бастамақ. Алдағы 2 жыл ішінде нарыққа шығаруды жоспарлауда. Мамандар бұл автокөлік Porsche Taycan, Tesla Model S, Mercedes-Benz S-Class және Bentley Flying Spur электромобильдеріне бәсекелес болады деп болжауда. Jaguar XE және XF модельдерін 2023 жылы шығаруды тоқтатады. Одан кейін электромобильдер нарығына ойыса бастайды. 2026 жылы компания толығымен электромобильдер жасауға көшеді. Jaguar компаниясының алғашқы электрлі көлігі I-Pace көктемде Женева автосалонында таныстырылған болатын. Жол талғамайтын кроссовер 4,8 секундта жылдамдық қоса алады. Литий-ионды аккумуляторының сыйымдылығы 90 квт/сағатқа тең. Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүре алады.