Ferrari Portofino – ең жылдам кабриолет

Ferrari Portofino – ең жылдам кабриолет
Фото: vk.com

Биыл атақты  италиялық Ferrari маркасының құрылғанына 70 жыл толып отыр. Компания 70-ші мерейтойының құрметіне жаңа Portofino моделін шығарды. Ол әлдеқашан ескірген California моделін алмастырмақ. Компания нацелена сделать Portofino үлгісіндегі кабриолетті GT сегментіндегі флагмандық модельге айналдырмақ. Ресми мәлімдеме бойынша,  жаңа Ferrari Portofino төбесі ашылатын, жүксалғышы мен салоны үлкен әрі ең жылдам кабриолет екен.

Portofino да California моделі секілді  591 ат күшін беретін турбиналанған V8 қозғалтқышымен жабдықталған. Ол соңғы екі жыл қатарынан "Жылдың үздік қозғалтқышы" премиясына ұсынылған екен. Бұл Ferrari үшін жаңа тәжірибе болмақ. Себебі, осыған дейінгі 60 жыл бойы италиялық көлік компаниясы тек атмосфералық қозғалтқыштар ғана пайдаланған. Portofino жылдамдығын сағатына 0 км-ден 100 км дейін бар болғаны 3,5 секундта арттырып үлгереді.

Бұл GT санатындағы модель болғандықтан, оның басты ерекшелігі – жүргізуші мен жолаушылар жайлылығы. Сондықтан, Ferrari көлігінің жаңа үлгісінің ішкі жайлылығын еш әуреленбей дисплей арқылы қадағалап отыруға болады. 

А. Оралқызы