Bugatti компаниясы Калифорнияда ресми түрде жиын өткізді. Бұл кеште соңғы жылдары желіде талқыда жүрген, көліксүйер қауымды көп күттірген Bugatti Divo гиперкары таныстырылды. Компания өз өнімдерін әлемнің ең жылдам және ең қымбат көліктерінің қатарына кіргізу үшін әр жыл сайын жаңалық енгізуді әдетке айналдырған. Биыл да бұл дәстүрден қалыс қалмады. Жаңа марка бүгінде жұрт аузында жүр. Компанияның жаңа көлігі әдеттегі Bugatti түрлерінен дизайн жағынан ерекшеленді. Көліктің сыртқы көрінісі қатулы, қабағы түюлі адамның бет-бейнесін елестетеді. Алайда, компания көлікті аса жоғары бағамен сатылымға шығармақшы. Дәлірек айтсақ, $6 миллион. Divo-ның қозғалтқышында дәл Bugatti Chiron көлігіндегі сияқты 1500 аттың күші бар. Көліктің бар жылдамдығы 386 сағ/ш. Жаңа гиперкардың атауы француз Альберт Дивоның құрметіне берілді. Ол осы Bugatti көлігімен бірнеше көлік жарысына, халықаралық байқауларға қатысып, сан мың жүлдеге ие болған. Көлік нарығында айтарлықтай орны бар Франция компаниясы, осыған дейін, көліктен бөлек катер, PG Bugatti велосипедтерін шығарып жаңалық жасаған еді.