Мюнхен автомобиль зауытынан шығарылып жатқан BMW көлігінің су жаңа және соңғы түрі Х7 көлік нарығындағы компанияның басты қарсыластары Range Rover мен Mercedes GLS көліктерінен де асып түскен. Бұл сарапшылар пікірі. Көзге бірден ұратын дүние, заманауи стильде құрастырылған көліктің бойы биіктеген. Жол талғамайтын Х7 көлігіне бұрынғы Х5-тің қозғалтқышы қойылған. Компания көліктің жарнамалық бейнеролигін 16 қазан күні YouTube видеохостингіне жариялады. Бұл көлік Қазақстанға әзірше жеткізілген жоқ, дегенмен алдағы 1 айдың көлемінде елге жаппай тасымалданатын болады. BMW компаниясының жаңа өнімі шамамен 30 миллион теңге шамасында бағаланбақ.