Apple электромобилі 2025 жылы шығады

Apple компаниясы шығаруды жоспарлап отырған автомобиль Hyundai компаниясының E-GMP платформасы негізінде жасалады.

TF Securities инвесторларына жазған талдамалық хатында Мин-Чи Ко Apple мен Hyundai серіктестігі туралы жаңалықтарды растады. Сарапшының сөзінЕ сүйенсек, электромобиль Electric Global Modular Platform (E-GMP) негізінде құрастырылады. Платформада екі қозғалтқыш пен аккумулятор бар. Бұл электрокардың толық қуаты 500 шақырымға жетеді.

18 минут ішінде батареяны 80 пайызға дейін зарядтауға болады. Электромобиль жылдамдығы сағатына 100 шақырымға 3,5 секундта жетеді, оның максимал жылдамдығы сағатына 260 шақырым.

©macrumors.com

Hyundai Mobis болашақ машинаның кейбір бөлшектерін шығарумен айналысады, ал Kia электромобильдер шығаратын желіні ұсынады. Hyundai мен Аpple-дің бірлестігі жаңа электрокарды‌ ө‌ндіру уақытын едәуір қысқартады және нарықта басқаларды басып озуы мүмкін.

Apple Car презентациясы 2025 жылға қарай жоспарланған.

Өткен жылы Reuters Apple 2024 жылы автомобиль нарығына шығуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.