Көрші апай қашан көрсең дүкеннен қиралаңдап теңіз тұзын тасиды да жүреді. Келе жатып ауыр жүгін бірнеше мәрте үйіне жеткізіп те бердім. Бүгінгісі тіпті ауыр, табалдырығынан аттатып:
- Мұнша тұзды не істемексіз? – деп сұрап қалдым.
- Емделемін.
- Қалай сонда? – деп сұрадым таң қалып.
- Ваннаға су толтырып, мұның бірнеше паршасын салып, айда кеп шомыламын.
- Былай, әсері бола ма?
- Болғанда қандай! Теңіз тұзы буын-буынның, әсіресе тізе, аяқ сияқты сүйек сықырының бірден-бір емі. Е, шырақ, қалқиып жер басып жүргенім осы тұздың арқасы. Оның бұдан да басқа қасиеті бар.
- Қандай?
- Суда жалыққанша жатып болып, іле-шала оған балық бөктіремін. Бір-екі күн тұрған соң, нағыз тұзды балық болып түрленіп шыға келеді.
- Содан?
- Содан соң, оның тұз сіңіп сірне болғанын сүзіп алып, базарға апарып сатамын. Қиыны – сату. Күні бойы тікеңнен тік тұрғаннан тізе сырқырап, аяқ қақсайды.
- Базарда неңіз бар?! Сатып қайтесіз оны?!
- Түсер пайдасын айтсайшы!
- Көп пе?
- Теңіз тұзы мен тұздалмаған балық сатып алуға жетеді.
Аударған: Бақтыбай Жүмәділдин
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com