Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. IX БӨЛІМ (Соңы)

Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. IX БӨЛІМ (Соңы)
Фото: happylifeguide.ru

Роберт Тору Кийосаки – американдық кәсіпкер, инвестор, жазушы, мұғалім. 26 миллион данамен тараған он бес шақты кітаптың авторы. 47 жасында «Бай әке, жарлы әке» бестселлерін жазды. Сол кітаптан үзінді ұсынамыз.

Бай әке, кедей әке

VIII БӨЛІМ
IX БӨЛІМ

Қалай бастау керек?

«Қалай бастау керек?» Бұл  мен әр күн ойлайтын үдеріс. Өмірде миллион долларға тең келісімді табу өзіміздің қаржылық данышпандығымызды оятуды білдіреді. Қаржылық дарын әр адамда бар, мен оған сенімдімін. Мәселе біз оны қашан оятады деген сылтаумен ұйықтап жатуында. Біздің қаржылық данышпанымыз неліктен ұйықтап жатыр? Өйткені, біз ақшаға деген махаббат – бар жамандықтың түбірі деген тәрбиемен сусындадық.

Осыдан барып бізді ішкі мәдениетіміз шабыттандырып, ақша үшін жұмыс істейміз. Алайда ақша бізге қалай жұмыс істейтінін ішкі дүниеміздегі мәдениет үйретпейді. Бізді қаржылық жағдайымызға емес, оқуға көңіл бөлуді үйретеді. Ал қаржылық жағдайды жұмыс уақыты біткенде, біздің компания мен үкімет қамқорлығына алады. Қазіргі тәрбие мынадай: тынбай еңбек ету, ақша табу, оны құрту, жетпесе қарыз алу. Батыс әлемінің 90% осыған келіседі, өйткені жұмыс тауып, ақшаға қызмет еткен оңай.

Егер сіз осы санатты адамдар қатарына жатсаңыз, мына 10 қадамды ұсынамын. Ол сіздердің қаржылық данышпаныңызды оятады.

1. Маған биік шыңға көтерілу үшін себеп керек, маған рухани күш қажет. Себеп пен мақсат – «қалаймын» және «қаламаймын» деген үйлесім. Бірінші орында «қаламаймын», ол «қалаймынды» жасап шығарады. Мен өмір бойы жұмыс істегенді қаламаймын. Мен жұмысшы болғанды қаламаймын. Мен әкемнің өмір бойы жұмыс істегенін жек көрдім. Өмірінің соңына дейін үкімет оның тапқанының көп бөлігін алды. Қайтыс болғанан кейін әкем бізге ештеңе қалдыра алмады. Байлар олай істемейді. Олар балаларына көп нәрсе қалдырады. Енді «қалаймын». Мен еркін болуды және әлемді аралауды қалаймын. Мұны жас кезімде жүзеге асыруды қалаймын. Мен ештеңеге тәуелсіз болғым келеді. Ақша маған жұмыс істегенін қалаймын.

2. Мен әр күн сайын еркіндікті, мүмкіндікті таңдаймын. Бұл – адамдардың өз елінде өмір кешкісі келуінің басты себебі. Қолға түскен әр доллар арқылы болашағымызды таңдау мүмкіндігіне ие боламыз. Жалпы, орта тапты бай болуымыз өз қолымызда. Ақшаны қалай жұмсайтынымыз, біздің шындығында кім екенімізді көрсетеді. Мысалы, жарлылар өздеріне лайықты түрде ақша жұмсайды. Бірінші кезекте білімге инвестиция құйыңыздар. Сіздің ақыл-ойыңыз – күймейтін актив.

3. Достарды абайлап таңдаңыз. Шынайы достықтың күші мен рухани жақындықты ұмытпаңыздар. Мен достарымды қаржылық жағдайына қарап таңдамаймын. Достардан көп нәрсе үйрене аласыздар.

4. Алдымен бір формуланы, сосын келесісін игеріңіз. Мұны тез істеп дағдыланыңыз. Сіздің күшіңіз осыда болады. Нан пісіру үшін әр наубайшының рецебі болады. Бұл ереже таралып, ақша табады. Ақшаны көбісі «нан» дейді.

5. Алдымен өзіңізге төлеңіз. Бұл қадам қатал тәрбиені талап етеді. Егер өз-өзіңізді қадағалай алмасаңыз, бай бола алмайсыз. Өз-өзін ұстай білмейтін адамдар ұтыс ойыннан миллион ұтып алып, тез жұтайды.

6. Өз брокерлеріңізге жақсы төлеңіздер. Бұл жақсы кеңес. Менің бай әкем өз ісінің мамандарына жақсы төлеу керек деп айтатын, менде солай етемін. Басқару дағдының бір түрі – адамдарды басқару. Адамдарды басқара білу керек және сізге қарағанда техникалық сұрақтарға жақсы жауап беретін мамандарға ақшаны көбірек төлеу керек. Сол үшін де компанияларда директорлар кеңесі бар.

7. «Үнділік сыйлаушы» болыңыз. Бір нәрсені сыйға ала білу. Алғашқы ақ қоныстанушылар Америкаға қоныс аударғанда үнділіктердің дәстүріне таң қалған. Мысалы, қоныс аударушы мұздаса, үнділер оған көрпеше беретін. Ал осы көрпешені үнділер сұрағанда, қоныс аударушылар жиі түсіне алмай, реніш күйге түсетін. Дана инвесторлар инвестициялық капиталға қарағанда, одан да үлкен нәрсеге талпыну керек. Сіз тегін алатын активті айтып жатырмын. Сіз тек алғашқы капитал салымын қайтарасыз. Бұл қаржылық парасаттылық.

8. Актив бай заттарды әкеледі. Адамның күші  бір нәрсеге ойын шоғырландыра алуында. Ақшаның қожайыны болу үшін одан парасаттырақ болуыңыз керек. Сонда ақша сізге бағынады, сіз қалағанды істейді. Бұл қаржылық даналық.

9. Қаһарманға қажеттілік: миф күші. Іскер инвестицияға келгенде, олар белгісіз мәселелерге тап болады. Оларға қиыншылықтарды шешуге көмектесетін қаһармандар табуына тілектеспін.

10. Беріңіз, сізге де береді: беруші күші. Менің бай әкем ақшаны білім сияқты беретін. Беру қажеттілігіне толық сенетін. Әлемде бізден де парасаттырақ күштер бар. Барлық уақытта өзімізге ғана үміт арта аламыз, бірақ осы күштер арқылы бір нәрсеге жету оңайға түседі.

zhanaoi.kz

@. @assel_assanova