Роберт Тору Кийосаки – американдық кәсіпкер, инвестор, жазушы, мұғалім. 26 миллион данамен тараған он бес шақты кітаптың авторы. 47 жасында «Бай әке, жарлы әке» бестселлерін жазды. Сол кітаптан үзінді ұсынамыз.
Бай әке, кедей әке
VII БӨЛІМ
VIII БӨЛІМ
Бастамасы. Кедергілерге төтеп беру
Адамдар оқып, қаржы жөнінен сауатты болса да, кедергілерге тап болады. Қаржы сауатына ие адамдар неге «актив» атты бағанын толтырмайды екен? Оның 5 себебі бар:
1.Үрей
2. Ценизм
3. Жалқаулық
4. Жаман әдеттер
5. Тәкаппарлық
№1 себеп: Ақшаны жоғалтып аламын деген үрей. Мен ақша жоғалтқанды ұнататын адамды кездестірмеппін. Алайда бүкіл өмірімде ешқашан ақша жоғалтпаған бай адамды да кездестірмеппін. Ақша жоғалтып алу қаупі – нақты. Ол бай болсын, жарлы болсын барлық адамда бар. Алайда мәселе сол сәтсіздіктермен қалай күресетіндігіңізде. Ол сіздің өміріңізде із қалдырады, адам өмірінің көп нәрсесін анықтайды. Менің бай әкем ақшаға қатысты үрейді түсінетін. «Кейбір адамдар жыланнан қорқады, кейбіреуі ақша жоғалтудан қорқады. Бұл – адамға тән үрейлер». Ол ақшаны жоғалтумен күресуді былай кеңес еткен: «Егер қауіп-қатер және мазасыздықты жек көрсеңіз – алдын-ала дайындалыңыз». Сол үшін де банктер жастарға ақша жинауды кеңес етеді.
№ 2 себеп: Цинизм және онымен күресу. Адамдар инвестиция жасаймын деп ойлағанда, басына неше түрлі ойлар келеді. «Мен аңғарғыш адам емеспін», «Басқалар менен жақсырақ», «Мен инвестиция салғанда, экономика құласа не болады?». Біздің жақындарымыз, достарымыз бар, олардан сұрамасаңыз да кемшіліктерімізді айта береді, айта береді. Олар: «Өзіңе-өзің не себепті сенімдісің?», «Егер бұл тамаша идея болса, неге басқа адамдар жасамайды оны?», «Не айтып тұрғаныңды өзің де білмейсің!». Бұл сөздер құлағымыздан кетпей, бір істі де бастай алмай қаламыз.
Қорқыныш сезімі бойды билеп, тамақ та батпайды. «Ақылсынғандар ешқашан жеңісті қолдарына алмайды» - деп бай әкем айтатын. «Бақылай алмайтын күдік пен бақылай алмайтын үрей арсыз адамды жасайды. Арсыздар сын іздейді, ал жеңгендер сараптама жасайды» - деп айтқанды бай әкем жақсы көретін. Сын арсыз адамдардың көзін байлайды, басқалары жеткен мүмкіндіктерді көре алмағандықтан жіберіп алады. Ал адамдар жіберіп алған мүмкіндікті табу – кез-келген табыстың кілті.
№3 себеп: Жалқаулық. Қолы бос емес адамдар жалқаулыққа жиі бой алдырады. Бір бизнесмен адам болыпты, тынбай еңбек етіп, ақша табатын. Әйелі мен баласын асырау үшін көп жұмыс істейтін. Кеңседе көп уақыт отыратын, дем алыс күндері жұмысын үйге әкелетін. Күндердің бір күнінде ол үйіне келсе, үйі – бос. Оның әйелі балаларымен бірге кетіп қалыпты. Әйелімен араздығы болған, алайда, жанұядағы мәселелерді реттеудің орнына, бизнесмен жұмыстағы мәселелерін реттейтін. Енді жабырқау күйге түсіп, іскер қасиеттерін жоғалтқан мезетте, жұмысынан да айырылады.
Бүгінгі таңда, мен қолы босамағандықтан байлығын қамқорлыққа алмайтын, тіпті денсаулығына да қарамайтын адамдарды жиі кездестіремін. Керісінше, үйде отырған, бала тәрбиелемейтін адамдардың телебағдарламалардан, дүкенге барғаннан қолдары босамайтындарды да білемін. Негізі, олар жүректерінің түбінде бәрін түсінеді, бәрін біледі. Cіздердің алдыларыңызда жалқаулықтың кең тараған түрі көрсетілді, ол асқан жұмысбастылықпен қымтанады. Жалқаулыққа қарсы нәрсе бар ма? Бар, бұл – кішкентай ашкөздік. «Ашкөз адам – жаман адам» деген тәрбие бар, бірақ талпынысты оятатын да нәрсе осы ашкөздік қой. Көп емес, кішкене ғана ашкөздік. «Ашкөздік – пайдалы», - деп Майкл Дуглас айтқан болатын.
№4 себеп: Әдеттер. Біздің өмір – білімге қарағанда, әдеттеріміздің бейнесі. Бай әкемнің айтқан жақсы сөздері бар еді: «Егер мен өзіме бірінші кезекте төлесем, қаржылық, ақыл-ой, фискальды қарым-қатынаста мықтырақ боламын. Ал егер мен өзіме соңғы кезекте төлесем немесе тіпті төлемесем, әлсіз бола бастаймын. Бастықтар, менеджерлер, салық жинаушылар, пәтер берушілер мені бір нәрсе істеуге ынталандырады, маған өмір бойы қысым көрсетеді. Маған жақсы ақшалай әдеттер керек, сонда ғана олардың қысымынан құтыламын».
№ 5 себеп: Тәкаппарлық. Тәкаппарлық – бұл эго + надандық. «Мен білген нәрсем үшін ақша табамын. Білмегенім үшін ақша жоғалтамын. Тәкаппарлық танытқан сайын ақша жоғалтумен боламын. Мен тәкаппар болғанда, менің білмейтін нәрсем мен үшін маңызды емес болып көрінеді» - деп бай әкем жиі айтатын. Менің байқағаным адамдар білімсіздігін жасыру үшін тәкаппарлықты пайдаланады екен. Ондай жағдайларды инвесторлармен, бухгалтерлермен сөйлесу барысында да байқағанмын. Ақша, қаржы, инвестиция әлеміндегі көптеген адамдар не айтып, не қойғанын өздері түсінбейді. Ақша индустриясындағы олар тауардың партиясын игерумен болады. Егер бір нәрседен білімсіз екеніңізді түсінсеңіз, осы жөніндегі мамандардан көмек алыңыз.