Ағылшын классигінің қым-қиғаш ойлары мен сана сәуегейлігі оқырманды еш уақытта бей-жай қалдырмаған. Бүгін, міне, оңтайлы тұста Оскар Уайльдтың тамаша өсиеттерін аудару реті келіп тұр.
* * *
Қылмыс еш уақытта өрескел болмайды, бірақ, өрескелдік – әрқашан қылмыс.
Қаусаған жандар бәріне сенеді. Егде тартқандар бәрін сезінеді. Жастар барлығын біледі.
Тәрбие көрген адамдар үнемі өзгенің ойына қарсы шыға береді. Ойлылар - өз-өздеріне қарсы шығады.
Дене сұлулығы тек қана денемен ашылады.
Зеріккендік - салмақтылықтың кәмелетке жетуі.
Жаны таяз адам ғана өз-өзін таниды.
Аздаған табиғилық - бірінші борыш. Екіншісі - әлі оған ешкімнің миы жете қойған жоқ.
Кесірлік һәм ессіздік - өнегелі адамдар ойлап тапқан аңыз желісі. Өзгелердің біртүрлі тартымды болуын айғақтайтын өнегелілердің ой топшылаулары.
Егер барлық кедейдің түрі әдемі болғанда, кедейлік проблемасын шешу жеңіл болар ма еді.
Жан мен тән арасында айырмашылықты көрген кісі, жан мен тәннің біріне де иелік етпейді.
Астарында шындық бары дәлелденген күні сол ілім (дін айтылады) өледі.
Ғылым – өлі ілімдердің шежіресі.
Ақиқаттылықта өткен нәрсе (біздің басымыздан), шындап алғанда, ақиқатсыз.
Болмашы істердің барлығында шынайылық емес, стиль маңызды.
Егер шындықты айтар болсаң, - бәрібір де, ерте ме кеш пе, ұсталасың.
Адамды бақыт секілді қартайтар бірде-бір күш жоқ: лаззат алу - өмір сүруге татитын жалғыз ғана нәрсе.
Уақыт - ақша жоғалту.
Үнемі аз-аздап адам сенгісіз болып тұрған дұрыс.
Барлық қайырымды істе бір қатер жатады: олар үнемі ерте қабылданады.
Шала асығыс болу - кемел болумен бірдей.
Жақсылық пен зұлымдық түсінігі басқа түсініктің бәрінен ада жанға ғана белгілі.
Атаққұмарлық - сәтсіздіктің соңғы бас күнелтер баспанасы. Егер ақиқаттылыққа сендіру бір адамға көбейіп кетер болса, онда ақиқат ақиқат болудан қалмақ.
Тарихта дәуірлер өз анахронизмімен өмір сүруді жалғастырмақ.
Бойкүйездік - кемелдіктің бастың шарты. Кемелдіктің мақсаты - жастық.
Тек ұлы стиль шебері ғана оқылуға қиын.
Өз-өзіңді сүю - бүкіл өміріңе созылатын романның алғашқы бастауы.
Аударған: Фараби Арыстанбек
сурет:obozrevatel.com