Өмірдің 5 көрінісі

Төрт-ақ әріптен тұратын тіршілікте жүріп мыңдаған оқиғаның куәсі боламыз. Ретсіз хаосқа толы жер бетінде миллиардтаған тіршілік иесі өмір сүреді. Әлдекімге өкпелейміз, әлдекімді өкпелетеміз, ренжиміз, ренжітеміз. Сол секілді күлеміз һәм жылаймыз. Әр сәттің бағасы бар. Біз бүгін өмір көріністерін баяндап көрмекпіз. Бәлкім өзіңізді кездестіріп қаларсыз...

***

Бір кедей адам 3 дана апельсин сатып алыпты. Біреуін ашып қараса, шіріген екен. Екіншісін да ашса, оған да құрт түскен екен. Үшіншісіне келгенде жарықты өшіріп ашыпты да, көзін жұмып жеп қойыпты. Кей кезде өмір сүру үшін де алға ұмтыламыз.

***

Бір адам автобусқа мініп жатып оң аяқ киімін түсіріп алады. Содан екінші аяқ киімін де шешіп алып, автобустан сыртқа қарай лақтырып тастап кетіпті. Мүмкін бір мұқтаж жан тауып алып, керегіне жаратар депті. Айналаңызға мейірімділік жасауды да ұмытпаңыз. 

***

Онымен үйленіп келісе алмадық... 
– "Не үшін?" - деп сұрағанда,
– "Ар-намысым жайлы сөз етуді қаламаймын" - деп жауап берді.
Ол екеуі ажырасты... 
– "Не үшін?" деп сұрағанда, менің жауапкершілігімнен шығып кеткен əйел жайлы сөз қозғамаймын" - деп жауап берді. Бізде өкінішке орай əркімнің айыбын ашуға асығады...

***

Күн ыстық елдерде бір күндік жаңбыр керемет күн саналады. Басқа елдерде бұл жаман ауа райы ретінде қабылданады. Өзіңнен сұлу емес адамды кездестірмейінше, өзіңнің сұлулығыңды мойындамайсың. Əр түрлі жағдайға да үйреніп кететіндей өмір сүр.

***

Бір адам отбасына үйінде болған бір ыңғайсыз жағдай жайлы айтып береді. 
– Қонақтарға шəй алып келе жатқанымда аяғым сүрініп, құлап түсіп, бəрін төгіп алдым. Отырғандардың барлығы: 
– "Кейін не істедің?" - деп сұрады. Тек қана мейірбан анашым ғана: – "Өзіңе ештеңе қылмады ма?" деп сұрады.