Олжас жазған "Махамбеттің соңғы сөзі" екі түрлі аудармада

Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің "Арғымақ" өлеңін үш түрлі нұсқада ұсынған едік. Яғни, Әбіш Кекілбаев, Қадыр Мырза Әли, Ұлықбек Есдәулет секілді белгілі қаламгерлердің аудармасын түрліше бағамдап көрдік. Бүгін Олжастың "Последние мысли Махамбета, умирающего на берегу Урала от  раны" атты туындысын екі түрлі аудармада салыстырып көрейік.

Махамбетке

Шарт сынған шатақ кескінді
Жұртың да біліп айтыпты:
Желкеден сұққан көк сүңгі
Бақайдан бір-ақ қайтыпты.
Содан соң айтқан жырыңнан
Алланың өзі айқыпты.
Тай қазанға тақ тойып,
Құнан қой мен құнанды
Сыпырып сипап кетіпсің.
Алтын тақты қақ бөліп,
Алпауыз жан ланды
Алшыдан салып өтіпсің.
Жарайсың, ата Махамбет!
Шүйіріп шүңірек көзіңді,
Қарқылдап тұрып күліпсің
Шалғалы жатып тамақтан.
Аллаға мың да рахмет
Түсінсін деп өзіңді
Ақын қылып жаратқан.
 
Әбіш Кекілбайұлы аудармасы

***

Махамбеттің соңғы сөзі

Бісміллә!
Алыс жаққа жорытқанда,
Жорықтарда бөгіп қанға,
Жүрегімді суыттым.
Айлам бар ма –
Айлап, жылдап майдандарда,
Ашу-ыза бойды алғанда,
Өзімді-өзім ұмыттым…

Ер үстінде туған едім,
Шынжырымен матап мені,
Бара жатыр бунап өлім.

Ата жауым қара жаяу қалдырды,
Мойныма
Итке ұқсатып, қарғыбауын салдырды.
Ұмытармын
Хас тұлпардан тамған тердің исін.
Ұмыт қалар зынданда,
Ұрандаған ұрысым.
Ал таңертең бөлшектеп отқа тастар тәнімді,
Ұмыттырып сол бір тарлан шағымды.

Ұмытармын жарларымның қылығын,
Жалаң қылыш секілді едім – құрыдым.
Тот басты да жарқылдаған жүзімді,
Өз жүрегім жыланға ұқсап көмейіме тығылды.

Өкінішті-ақ!
Ет жүрегім – тілім-тілім, жаралы…
Барлығын да ұмытармын,
Кескілескен майданды,
Отқа оранған даланы.
Бәрі, бәрі қалады:
Көмейімді кернеп шыққан ұраным да,
Құтқарушы – Құраным да…
Иә, аруақ!

Шөл далаға айдың нұры төгіліп,
Буралар жүр інгендерге емініп…
Қазақтардың қазанында сүт пісіп,
Бірін-бірі жұлқиды иттер іші пысып…
Ал мен болсам зындандамын, обал-ақ.
Соңғы күлше секілденіп жарық ай,
Алақанға келе жатыр домалап…

Алмат Исәділ аудармасы

***

Последние мысли  
Махамбета, 
умирающего на берегу  
Урала от  раны

Мне удивительно: когда я весел,
что ни потребуется — все дают,
когда захочется унылых песен,
мне их с великой радостью поют.
Бываю рад, и все —
бывают рады,
я убегу, и все за мной в кусты.
Когда в жару я вижу дно Урала,
мне кажется, что все моря пусты.

И потому, когда кочевье выманит
все мое племя, —
я один пашу,
когда никто не смеет слова вымолвить,
мне рот завяжут —
я стихи пишу.
Эх, если бы сказали мне:
«Великий,
прости людей, уже пора — простить,
мир будет счастлив
от твоей улыбки!»
Тогда бы я старался не грустить.
Сказали бы смущенные мужчины:
«Моря полны водой, пока Урал
не высохнет.
Пока ты жив, мы — живы...»
Тогда бы я, клянусь, не умирал.

Олжас Сүлейменовтің өлеңі