- Негізгі бет
- Аударма
- Нобель сыйлығының иегері...
Нобель сыйлығының иегері Боб Диланнан бір өлең
Әдебиет саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығы белгілі америкалық музыкант Боб Диланға бұйырды. Боб Диланның бір өлеңін танымал ақын Ерлан Жүністің тәржімасында оқып көрейік.
***
Жүрер екем қанша жол тағдыр кешіп əрқилы,
Бір тоқтамға келгенше,
Қанатымның астында қанша теңіз толқиды,
Қара жерді көргенше,
Қанша жарылыстардың оты бізді шарпиды,
Соңғы сарбаз өлгенше?!
Жарығым-ау, бір сөзді қайдан ғана табамын –
Жел əкеткен жауабын.
Қанша ғасыр тұрады мына таулар – тірі аңыз,
Толқын шайса – құла түз,
Қанша ғасыр жылаймыз?
Еркіндікті сұраңыз!
Сұрар болсаң, солардың аяғына құлаңыз!
О, адамдар қашанғы көзімізді жұмамыз –
Көрінбестей кінəміз?!
Əлі қанша шұңқырға мойын созып қараймыз,
Ал аспанды көрер кім?
Есту үшін – бір басқа қанша құлақ жамаймыз,
Зарлы дауысын əлемнің?
Жер бетінен біз əлі қанша өлікті санаймыз,
Келгенінше келер күн?!