Өмірде сүйген әйелі мен отбасына арлан қасқырдай адал боп өтетін азаматтар бар. Бұл адалдық олардың болмысы емес. Сүйіктісіне деген мәңгілік махаббаты да емес. Бұл ер адамның өзі таңдаған асыл мұраты. Сол шектен асып кетсе, ер адам өзі-ақ рухани құлдырауға ұшырайды. Мұндай азамат үшін опасыздық осалдық пен настық боп саналады. Мұндай ер адамдар өте сирек кездеседі.
Олег Рой
– Әйелдер ер азаматтың қай мінезін жақсы көретінін білесің бе?
– Жоқ.
– Әрекетшілдігін. Әйел заты болмысынан тыныштық пен берекеге бейім. Сондықтан олар үнемі ізденісте жүретін, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын адамға мұқтаж.
Ринат Валиуллин
Жақсы адамдармен әңгімелесуге уақыт тауып тұру керек. Уақытты арнайы бөлмесең, ол өздігінен табылмайды. Уақыт деген сондай ерекше құбылыс. Ол үнемі күнделікті күйбең, жұмыс, ұсақ-түйекке жұмсалады. Уақыт - мәңгілік. Ал адамдар мәңгілік емес. Сондықтан уақытты созып, сен үшін қымбат адамдарға бөліп үйрен. Хабарласпай кеткен жанға қоңырау шал. Қалын сұра. Уақыт тауып, құрбыңмен жарты сағат саябақта серуенде. Жұмыстан кейін ағаңды, не сіңліңді оңаша кофе ішуге апар. Мұндай сәттер маңызды емес боп көрінеді. Ал шын мәнінде дәл осы мейірім ең ғажап сәттер боп есте қалады.
Анна Островская
Кейбір әйелдер ештеңеден қорықпайды. Ұнамай қалам-ау деп қорықпайды. Сай болмай қалатынына алаңдамайды. Білмей қалам-ау. Үлгермеймін-ау. Қайтып сұрасам ба екен деп ойланбайды. Түрі онша емес болғанына да алаңдамайды. Олар өмірін бос өткізбейді. Түзу жолдан тайып кетуден қорықпайды. Қисық жолға түссе де адаспайды. Сұлулық деген жан-дүниеден басталатынын біледі. Түпсіз теңізге батып кетуден қорықпайды. Талайдан бері тұңғиықта өмір сүріп келеді. Жылауға ұялмайды. Мейлі қуаныштан, мейлі қайғыдан болсын. Қуанышқа да, қайғыға да күле біледі.
Олар әжімнен қорықпайды. Бірінші рет түсіп тұрған әжім емес. Қазіргі әжімнің бәрі тек күлкіден түседі. Ел не ойлайды деп қам жемейді.
Оларға тамақ глютенмен бе, әлде глютенсіз бе, бәрібір. Олар қалағанын жейді. Түнде жеуден де қорықпайды. Сол үшін қысылмайды да. Темекі тарту мен ішімдік ішу - зиян емесін біледі. Дем алмау - зиян. Тыныс алғың келмеу - қорқынышты.
Оларға бәрібір. Ол 18-30 не 21-00 келе ме, алаңдамайды. Ол сүйсе, келеді. Сүйсе, асығар. Бастысы, ол - бар! Олар жалғыз қалудан да қорықпайды. Өзін көзге ілмегендерді байқамауды біледі. Кері тебілгеннен тебіледі.
Олардың айтары бар. Айтпайтыны да баршылық. Не туралы дұға жасайтынын да біледі. Бәрін шын ниетімен жасайды. Ақымақ боп көрінуден қорықпайды. Толық болып көрінуден де. Арық болудан. Олар біреуге ұқсауға талпынбайды. Олар ашық-жарқын.
Сүйген ісімен айналысады. Өзін сүйгенді сүйеді. Бір жастыққа тек ұйқы бермейтін адаммен жатады. Көзіне ұйқы тығылып тұрса да.
Шындықты бетке айтудан қорықпайды. Уайымдамайды. Тыныштықты тыңдауды біледі.
Олар уақытын бағалайды. Таңын. Күндізін. Түнін. Олардың қолы бос емес. Әрдайым өз ісімен айналысады. Өзін құрметтейді. Ештеңеден қорықпайды.
Аглая Датешидзе
Аударған: Шынар Әбілда