Махаббат туралы айтылар аңыз да әңгіме де көп. Өйткені ол мәңгі таусылмайтын дүние. Шегі жоқ. Өлсе қайта туатын, өшсе қайта "лап" етіп жанатын қасиет. Осы қасиеттің суына мас болып жүрген адамның ақыл сұрай барғанда қарияның айтқаны оның өмірін түбегейлі өзгертуге әсер еткен.
Бір адам данагөйден ақыл сұрай кепті:
- Әйелім екеуміз бұрынғыдай емеспіз, қатты суынып кеттік. Мен оны сүймеймін. Ол да мені сүймейтін болды. Не істесем болады?
Данагөй оған:
- Оны сүй, - деді.
Ол адам данагөй бұның айтқанын естімей қалды екен деп ойлап, сөзін қайталайды:
- Айтып тұрмын ғой, еш сезім қалмады деп!
Данагөй басын изейді:
- Оны қайтадан сүюдің жақсы себебі ғой бұның.
Адам қайталап сұрайды:
- Жүрек қаламаса, қалай сүймекпін?
Сонда данагөй ол естігісі келетін жауапты айтты:
- Оған қызмет қыл, бағала оны, оның қайғысын түсін, ол үшін өзіңді құрбан ет. Шынайы махаббат үшін ешқандай шек жоқ. Өйткені, «Сүю» деген сөз сезімді емес, әрекетті білдіреді.
Аударған Шынар Әбілдә