Филипп Делерм (Philippe Delerm) Шапонвале мекенінде 1950 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда Франциядағы ең көп оқылатын авторлардың бірі. Көптеген әдеби сыйлықтардың лауреаты.
* * *
Кино – жұртқа шығатын жер емес. Жұртқа мұнда мүлдем жанаспайсың. Мұнда өзгеше, зал ішіне кіріп, өлшеп пішілген орынға сүңгіп кету. Фильм әлі басталмайды, көлбеңдеген жарық сәуле бәсең дауыстарды тербетіп тұрады. Бәрі жұмсақ, бәрі томпақ... Еден үстіндегі өз аяқ даусыңды естіместен, мәжбүрлі бейқамдықпен бос қатарға жол тартасың. Орындыққа жайғасып немесе отыра кету жоқ. Алдымен осы бір түкті кілем ішіндегі кеңістікті танып алғың келеді. Салмағыңмен сол ортада, еппен болсын, болмасын өз орныңа жылжисың. Осы бір әрекетсіздікке өзгелермен қосылыстың керемет сезімі келіп орнайды – сен сол қатардан теріс төңкерілген орындардың бірін алып қойғансың – экран алдында.
Одан әрі тұтастық жоқ. Оған мысал, экранға үш қатар сенен алда жайғасқан анау бір ауыр салмақтағы жігіттің газет оқып отыруынан нендей сыр ұғасың? Келесі бір сәтте орынсыз күлер немесе, ең сорақысы, саған күлкілі болғанда, ол күлмей отырып алар.
Кинода өзін көрсетуге тырыспайды... Мұнда паналауға, жасырынуға, ұйықтауға келеді. Мұнда суайдында отырғандай көкшіл дүниеге назар аударады – кез келген күтпеген ғажайыптың экранның терең түкпірінен көрініс табуы күтілуде. Зал іші иіссіз, леп те жоқ, тек құдіреттің сиқырлы күші үмітке орап, жалғанды жалпақ экранның ар жағында таныстырады...
Қоюланған қараңғылық, құрбандыққа шалынған кең дүние. Қойыртпақталып, жамырап келе жатқан аспан жұлдыздары... Теңіз құстары. Жан шығып, жан тербеліп, сол аралықта табиғаттың көркем дүниесіне, көшелердің қиылысына, жауын-шашынға айналуда. Өмірсіз, өлімсіз, махаббатсыз, соғыссыз – одан арғысы қызыл-жасыл дүние.
Ақырында "соңы" деген жазу шыққанда, бақсы ойнақта демсіз қалғаныңызды білмей де қаласыз. Кенет жарық қосылмақ. Ет-сүйекті жинап алып, жүйкемен бір ішкі қорытындыға келуге тырысасыз. Бастысы - үндемеу, еш ескертусіз, пайымдаусыз: сөз бәрін суытып тастауы мүмкін. Түкті еден қайтар жолда әлгі ауыр салмақты жігітті күтуде. Ал сіз скафандрдағы ғарышкер секілді бірер минутқа болсын таң-тамаша салмақсыздықта тұруды қалайсыз.
Аударма: Әкежан Дәкен
сурет: io9.com