- Негізгі бет
- Аударма
- Қазақ тіліне аударылған,...
Қазақ тіліне аударылған, балаларға арналған 5 шығарма #2
Биыл балалар әдебиетін қолдау жылы. Балалар шығармасының әдебиеттегі орны қашанда зор болған. Болашақ ұрпақ кітап оқу арқылы білімін шыңдайды, қиялын кеңейтеді. Осы орайда Массагет порталы әлем классиктерінің балаларға арналған 5 шығармасын ұсынады.
Алиса ғажайыптар елінде, 1865 – Чарльз Лютвидж
Алиса ғажайыптар елінде (ағылш. Alice's Adventures in Wonderland) — 1865 жылы жарыққа шыққан, Льюис Кэррол деген бүркеншік атпен танымал болған ағылшын математигі, ақыны әрі жазушысы Чарльз Лютвидж Доджсонның жазған ертегісі.
19 жастағы Элис Кингсли күтпеген шытырман оқиғаларға тап болады. Виктория тойында оған лорд, леди Аскоттың бай, бірақ ақымақ ұлы Хамиш үйленуге ұсыныс жасайды. Алиса бас тартып, орманға қашып кетеді. Орманда жүріп ол бас киімі бар, үнемі қалта сағатына қарайтын қоянға кездеседі. Оның ізінен еріп отырып інінде көптеген есігі бар әлемге тап болады. Алиса жер астынан керемет бау-бақшасы бар әлем есігінің кілтін тауып алады.
Шығарма бала қиялын кеңейтіп, ойлау қабілетін арттырады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша қазақ тіліне аударылып, басылған.
Чарли және шоколад фабрикасы, 1964 – Руал Даһл
Чарли және шоколад фабрикасы – ағылшын жазушысы Руал Даһлдың Чарли Бакет деген бала туралы ертегісі. Чарли кішкентай үйде тұрады, оның отбасы кедей, сондықтан Чарли жылына бір рет туған күніне сыйлық ретінде шоколад алады. Бір күні кезекті туған күнінде Чарли Вонканың таңғажайып дәмді шоколадтарының бірінен алтын билет тауып алады. Бұл билет эксцентрлік кондитер Вилли Вонканың шоколад фабрикасына кіруге мүмкіндік беретін. Чарли шокалад фабрикасында түрлі шытырман оқиғаларға тап болады.
Бұл кітапты 2020 жылы Steppe & WORLD Publishing баспасы қазақ тілінде жарыққа шығарды.
Аударған - ағылшын тілінің мұғалімі Үрила Кеңесбаева. Бұл шығарманы кинотаспалаған режиссер Тим Бертон, Вилли Вонканың рөлін Джонни Депп ойнаған.
Қайтпас қайсар қалайы солдат, 1838 – Х.К.Андерсен
Қайтпас қайсар қалайы солдат (Dan. Den standhaftige tinsoldat) - даниялық жазушы Х.К.Андерсеннің «Балаларға айтылған ертегілер» авторлық жинағына енген ертегісі.
Балаға туған күніне ойыншық сарбаздар жиынтығы сыйланады. Ал бір сарбаз ең соңғы боп құйылғандықтан аяғына қалайы жетпей қалады. Түнде ойыншықтар тіріліп, тіршілік ете бастайды. Сөйтіп жүріп қалайы солдат махаббатын табады. Бір күні кенеттен, зеңгір қораптан зұлымдық пайда болады. Сарбаздың оны елемейтініне ашуланған тролль онымен күресемін деп қорқытады. Таңертең сарбазды бала терезе алдына қояды. Ол ашшылған терезеден құлап кетеді
Сарбазды көшедегі екі бала тауып алады, олар оны қайыққа отырғызады. Жолда ол төлқұжатын талап ететін егеуқұйрықты кездестіреді. Ойықтан шыққан су каналға ағып кеткен кезде, қайық батып, сарбазды балық жұтып қояды. Содан кейін, бұл балық ойыншық иесінің ас үйіне түседі. Балық ішінен ойыншық иесі қалайы солдатын табады.
Қазақ тіліне бұл шығарманы аудармашы Ғаббас Жұмабаев тәржімалаған.
Мексика ұлы, 1911 жыл – Джек Лондон
"Мексика ұлы" – 1911 жылы жазылған америкалық жазушы Джек Лондонның шығармасы.
Мексика төңкерісі кезінде Джек Лондон Техастағы Эль Пасода еді. Бұл шығармада жазушы Мексикадағы төңкеріс кезіндегі жас жігіт Ривера мен бокс жұлдызы, ақша үшін рингке шығатын Уорд арқылы қоғам теңсіздігін көрсетеді.
"Мексика ұлы" алғаш рет Saturday Evening Post газетінде жарияланған. 1913 жылы оны Grosset & Dunlap баспалары «Түнде туған» әңгімелер жинағында қайта бастырды. Басты кейіпкер өмірдегі болған адам. Джо Риверс Revolucionaria Mexicana ревалюциялық қозғалыстың өкілі еді.
Ривера ревалюцияға қажетті қаруды сатып алу үшін ақшаға күші тең болмаса да Дэнни Уордпен жұдырықтасады.
Рингте Ривера бірнеше рет құлайды, өзі де Уордты бірнеше рет нокаутқа түсіреді. Көпшілік Уорд жағында болады және төреші де Уордты белсене қорғайды. Жекпе-жек кезінде Ривера Келлидің оған қарсы үлкен сома қойғаны біледі. Он жетінші раундта ол Уордты нокаутқа түсіріп, қару-жарақ пен революцияға қолдау көрсету үшін қажет ақшаны алады.
Шығарма балаларды отансүйгіштікке, әділетті болуға және қайсарлыққа баулиды.
Робинзон Крузо, 1719 жыл – Даниэль Дафо
Робинзон Крузо – ағылшын жазушысы Даниэль Дафоның (1660-1731) алғаш рет 1719 жылы сәуірде жарияланған, табиғатпен байланыста адамның моральдық қайта тууы туралы әңгімелейтін романы. Теңіз саяхатшысы Робинзон Крузо тез және заңсыз жолмен байығысы келіп теңізге аттанады. Бірақ кеме апатының нәтижесінде ол 28 жылын аралда өткізеді. Аралды мұқият зерттеген ол бір күні жабайы адамдардан бір тұтқынды құтқарады. Оны аптаның жұма күні құтқарғандықтан Жұмабай деп ат қояды. Оған ағылшын тілін үйретеді. Ол екеуі кейіннен тағы екі адамды құтқарады. Оның бірі Жұмабайдың әкесі, бірі испаниялық теңіз саяхатшысы болады.
Робинзон 28 жыл ішінде аралда бидай өсіреді, жабайы ешкілерді қолға үйретеді. Дафоның өзі романын аллегория деп атады.
Даниэль Дафоның Робинзон Крузо романы 2011 жылы «Аударма» баспасынан қазақ тілінде жарияланды. Орыс тілінен аударған – Қ. Өтеғұл.
А. Оралқызы