Гийом Аполлинер Модернистік өнердің бір бағыты сюрреализмнің негізін салушылардың бірі Гийом Аполлинердің (1880-1918) өлеңдерін Марлен Ғилымханның тәржімасымен назарларыңызға ұсынамыз. Некелестіру (Пикассоға арналады) Көктемгі құйын шыр айналады,опасыз күйеудің жүзі зар ішті, ал!жапырақтардың жанында,көкшіл қауырсындар құжынап ұшқан,Сауырағаштың үстінде,көгілдір құстың маңында...Мадонна алагеуімде...итмұрынның алқызыл гүлін үзем дептөмен сүңгіткенқолыменжұлдызшешектен бір құшақ терді таң үшін!көкжидек жабады бетін...оларды ғажап көгершін күткен,Дала күзетіп...аспанда Қасиетті аруақша қалқып жаны жүр!Ұзаққа созылар, бәлкім... бақтағы құшақтасулар,оны ойлар үркітсе түрлі?!бізге сүю татар дәміміз таусылған шақтарда ғана бұйырған,Мүмкін, осында жарасым жатыр.Алау дірілдейді кірпік секілді,Ал,Жүрек дүрсілдеп лимон бұтақтарының арасында тұр! Француз тілінен аударған: Н. Стрижевский ***Өлім мен Түн көремін,Қасіретті сәт секілді...Неліктен?!Негесоғады Жүрек?!Француз тілінен аударған: А. Гелескула.ҚоштасуАқшыл көк аршагүлді үздім...Бұл мүрдесі шығар жолымызда өлгенкүздің.уақыттың бейнесін көремінсол қызғылт көк бұталардан үзілген.Жаныма батадыенді мүлде жолыға алмайтынымызбіздің...Бірақ, сені күтетінімді ұмытпа! Француз тілінен аударған: Э. Линецкая Санте түрмесі (Циклден) 1911 жылы Луврдан Ленардо да Винчидің Джокондасы жоғалады. Аполлинерді осы ұрлыққа қатысы бар деген жалған айыппен бірнеше тәулік қамауда ұстайды. Сол уақыт Санте түрмесі циклінен көрініс табады. IҚолда бардың бәрін алды,талады,Күңгірт аула...аңызақ жел ескен үй...Ту сыртымнан мысқыл ойнақ салады:Гийом,саған не істеген?!Қаншама рет көңілсіздеу кеш кірді,жақынымның құшағына құмартып?!Келбетінен нұр көрмеймін ешкімнің,...менің қамымды ойламайды бұлар түк!...Енді қош болаяулы ару, аяулы ән,мәңгі есіңде қалар, бәлкім, өпкенім?!Баяу соққан желде де бір қаяу бар,Қош бол, менің Көктемім... IIОсы орында...кім екенімді һәмкім болғанымды ұмытыпқалдым,Қазір...жиырма бестің жиырма екіншісі ғанамын,санмынжай ғана...Тереземнен күннің нұры сорғалапәуре,Өлең ішінен қабағын түйіп қарайдымаған,Әйнектен саулағансары жолақты көргендесанамда суреті қалқыған жөкелітоғайдағысәуле!Ауаның үстінде сырғанағанжарық жолдардың шоғыры бәлкім, бірҮміт...Үрейге сүйрейдіәлдекімбөлмемнің төбесінтабанымен тақылдатыпжүріп...IIIУақыттың адымы сылбыр тым,бейіттен ұзауға бет алған көліктің қадамысекілді,ол да үлкен дерт еді...Санамнанқұстай боп ұшқан не,сұлбасы сырғиды кезекпен,Бұл тылсымға оранған ертегі...түс пе, әлде?!Мүмкінжарқылы жанарданжабыққан шағымда самғайды-ау,сорлатар мінезін жазғырар жоқ хәлім,жан жақтансұқтанған сауалдарбастарын білмеймін қандай дау.Іздесең,таппайсың елесін,ойымның қап-қара нүктесі,мың батпан мұңыңдыжамылыпкелмеске кеткен күн сияқтыжанымнан неге өте бересің?!IVҚаланың шуы анық естілді,Жалғызсаңылаудан қисайып сығалап тұрғаншер саулатады естіге шатыр,үстіндеүмітсіз күлгенжанға жақпайтын жердің аспаны.Күн де таусылды... кеш кіреді ақыр,...Шамның жарығы шағылды әйнекке,Түңілер түнге жол ашады әркім.Тыныштықтағы әлем ішінде,шексіз ойлармен оңаша қалдым... Француз тілінен аударған: Э. Линецкая